АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуларының ауқымы айтарлықтай қысқаратынын мәлімдеді. Бұл шешімді ол Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынмен орнатқан «өте жақсы қарым-қатынаспен» байланыстырды.
Трамп өзінің Truth Social платформасындағы жазбасында бұл жаттығулардың қымбатқа түсетінін, шығынның көп бөлігін АҚШ көтеретінін (әдеттегідей) және олар «мулдем орынсыз және дұшпандық» сигнал жіберетінін атап өтті.
Трамп сондай-ақ Оңтүстік Кореяның жақында Иранды «ядролық қарусыздандыру» бойынша АҚШ-қа қосылудан бас тартқанын, бұл екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықтың қысқаруына әкелуі мүмкін екенін айтты.
Айта кету керек, Трамп Солтүстік Корея көшбасшысымен соңғы рет 2019 жылы жүзбе-жүз кездескен. Оның Ким Чен Ынмен қарым-қатынасы АҚШ-тың дәстүрлі сыртқы саясатынан ерекшеленеді.
АҚШ пен Оңтүстік Корея дүйсенбіде тұрақты әскери жаттығуларын бастауы тиіс еді. Алайда Трамптың мәлімдемесі бұл жаттығулардың сипатына әсер етуі мүмкін.
Бұл — соңғы жаңалық, қосымша мәліметтер жақын арада беріледі.


