Қазақ тілі
Тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы
Мақсаты: Қосымша жалғанғанда кейбір сөздердің соңғы дыбысының өзгеретінін меңгерту; сауатты жазуға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, талдау, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 68 - жаттығу. Ереже: Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: кітап - кітабы, құрық - құрығы, әріп - әрпі
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс:
а) оқулықпен жұмыс
ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу
69 - жаттығу Жақшаның ішіндегі әріптердің тиістісін қойып, мәтінді көшіріп жаз.
Үлкен ағаштың түбінде әже ұршықпен жіп иіріп отырды. Қасындағы Әсем кітабын қолына алып, ертегі оқи бастады. Кенет шөптің арасынан ала күшік жүгіріп шықты. Ол біресе Әсемнің добына, біресе әженің ұршығына қарады. Әсем кітабын қойып, күшікпен ойнауға кірісті.
Түбінде - п қатаң дауыссыз дыбыс оған дауысты дыбыс жалғанғаннан соң п - б ұяң дауыссыз дауысқа айналады.
Кітабын - п қатаң дауыссыз дыбыс оған дауысты дыбыс жалғанғаннан соң п - б ұяң дауыссыз дауысқа айналады
Добына – п қатаң дауыссыз дыбыс оған дауысты дыбыс жалғанғаннан соң п - б ұяң дауыссыз дауысқа айналады
Ұршығына - қ қатаң дауыссыз дыбыс оған дауысты дыбыс жалғанғаннан соң қ - ғ ұяң дауыссыз дауысқа айналады
70 - жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Мойны ұзын, көзі үлкен
Бұл не?
Мойны - мойын. Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді, тәуелденіп ІІІ жаққа айналады.
в) Сергіту жаттығуы
71 - жаттығу. Сөздерді көшіріп жаз.
Халық - халқы, ерік - еркі, құлып - құлпы, орын - орны, бөрік - бөркі
Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді, тәуелденіп ІІІ жаққа айналады.
72 - жаттығу Мақалды оқып, жатқа жаз
Ел көркі – мал,
Өзен көркі – тал.
Көркі - көрік Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді, тәуелденіп ІІІ жаққа айналады
Ү. Бекіту:
73 - жаттығу. Тізбектің басында тұратын сөзді тауып, көп нүктенің орнына жаз.
Жақ - жағу - жағады - жағып
Сөк - сөгу - сөгеді - сөгіп
Тақ - тағу - тағады - тағып
• Түбір сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
ҮІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?
ҮІІ. Үйге тапсырма
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз543 қаралым
#қазақ тілі#түбір мен қосымшаның жазылуы#ашық сабақ бастауыш сынып
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

