Туған күнге тілек әйелге
Туған Күнге Арналған Тілек Үлгісі:
Қымбатты [Әйелдің аты],
Бүгінгі тамаша күніңізбен сізді шын жүректен құттықтаймын! Сіздің туған күніңіз өміріңіздегі жаңа бастамаларға, шексіз бақыт пен мол қуанышқа толы болсын. Бұл күн сізге айқын аспан, күн шуағы және жүрегіңізге жылу сыйлайтын жылы сөздер сыйласын. Сіздің алдағы жылыңыз жетістіктерге толы, денсаулығыңыз мықты, ал өміріңіздегі мақсаттарыңыз бен армандарыңыз орындалсын. Әрқашан сүйікті адамдарыңыздың қолдауын сезініп, өмірден ләззат алыңыз. Сізге махаббат пен қамқорлықтың ешқашан жетіспеуін тілеймін, ал әр күніңіз бақыт пен шаттыққа толы болсын!
Жүрегіңіздегі барлық жақсы армандарыңыз бен үміттеріңіз жүзеге асып, өміріңіздегі әрбір жаңа күн жаңа мүмкіндіктер мен жарқын сәттер әкелсін. Сізге күш-қуат, шабыт және өмірдің барлық сынақтарын жеңіп шығуға деген сенімділік тілеймін.
Туған күніңіз құтты болсын! Жақсылық пен жылы шуақ сіздің өміріңіздің әрбір күнінде серік болсын.
Жүрек жарды құттықтауларыммен, [Сіздің атыңыз]
************
Туған күнге тілектер
"Бақыт деген досыңның - қабағында, жарынның - жанарында" дейді. Осындай өмірлік дос болып өтіңіздер.
* * * * * *
Құрметті … туған күніңмен құттықтаймын!
Жүрегіңізге иман, басыңызға ақыл, сөзіңізге нақыл, өжеттілік, айбат, қажымайтын қайрат тілеймін. Бойыңа сергектік , имандылық, еңбекқорлық, сенімділік тілеп туған күніңмен құттықтаймын.
* * * * * *
Өзіңді сыйлап, бағалайтын жақын жандарыңның ортасында қартаймай, жақындарың мен туыстарыңның сәні, өмір бақшасының әні болып жүре бер. Туған күнін құтты болсын.
* * * * * *
Құрметті … туған күнін құтты болсын!
Ағайынға қамқор, бауырға мейірімді, жайсаң да жайдарлы жанға әлемдегі бар жақсылықты, дүниенің шуағын, өмірдің жырын, жүрегіне Алланың нұрын тілеймін! Алла жолын ақ, көңілін асқақ, жүрегін уайымсыз, арманын айқын, мақсатын анық өтсін деген тілегімді қабыл ал.
* * * * * *
Құрметті …!
Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын, ойлаған арманыңа жетуіне тілектеспін. Сені тек биік шындардан көрейік. Өмірдегі бар жақсылықты Алла нәсіп етсін. Шаңырағыңа береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа - амандық, денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiн, арманың - аcқақ, шығар биігің aсқарaлы болсын!
Әрдайым құшағың - гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!
* * * * * *
Бүгін сенің туған күнің - төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып - қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!
Құрметті …!
Өміріңіз мәнді, шаңырағыңыз сәнді болғай. Дастарханыңыздан дәм-тұзыңыз үзілмей, барыңыз берекеге, берекеңіз мерекеге ұлассын.
Құрметті .....! Сізді бүгінгі күні өмірге келген туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін! Қызыметіңізде әрбір ісіңіз оң болып, абыройыңыз асқақтай берсін! Еңбегіңіз жанып, жемісін көре беріңіз!
* * * * * * * * * * * * * *
Ардақты асыл жан ......! Сізді бүгінгі тулған күніңізбен құттықтаймын! Қыстай мықты денсаулық, көктемдей жаңа күн, жаңарған тіршілік, жаздай жайдары көңіл, күздей жарқыраған, алтындай өмір тілеймін! Жүзіңізді мұң шалмасын! Жаныңызға жақын жандардык ортасында, жаныңыз жадырасын! Әр туған күніңіз бақытты да шаттықты сәттерін көптеп сыйлай берсін!
* * * * * * * * * * * * * *
Аяулы да, қымбатты ... ! Туған күніңіз құтты болсын! Жасыңызға жас қоса беріңіз! Әр туған күніңіз шаттық пен қуанышқа толы болсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін! Жаныңызға жақын жандардың ортасында бақытқа кенеле беріңіз!
* * * * * * * * * * * * * *
Бүгін өзі ерекше, мерекелі күн. Осындай мерекелі күнде туылып, айналасын шуақты етіп жіберген бір ерекше жан бар! Сол жанды бүгінгі жеке меншік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Сізге өмірдегі барлық жақсылықтарды тілеймін! Әр күніңіз берекелі, мерекелі болсын!
* * * * * * * * * * * * * *
Аса қадірлі, құрметті жан ....! Сізді бүгінгі туылған күніңізбен құттықтаймын! Жаңа жасыңыз бар жақсылығын сыйлай берсін! Өміріңіз жанданып, көңіліңіз шырайлана түссін! Саулығыңыз мықты болып, өмір жасыңыз ұзақ болсын! Шаңырағыңыздан шаттық кетпей, бақытыңыз баянды болсын!
* * * * * * * * * * * * * *
Сені бүгінгі туған күніңмен құттықтаймын! Саған бар жақсылықты тілей отырып, Арманның аяулысын, бақыттың баяндысын, жақсы күннің көбін, қиындықтың жоғын тілеймін! Отбасың, бала-шағаң аман болсын!
* * * * * * * * * * * * * *
Жаздың жайма шуақ күнінде келетін бүгінгі туған күнің құтты болсын! Жүзіңнен күлкі кетпесін! Көңілің көтеріңкі болып, жаның жаздай жадырай түссін! Әрбір күнің сәттілікке толы болып, шаңырағыңнан береке кетпесін!
* * * * * * * * * * * * * *
Күз айының алғашқы айында келетін бүгінгі туған күнің құтты болсын қарағым! Саған аспанның ашығын, атқан таңның шапағатын, арманның асылын тілеймін! ӘӘрбір күні жаның жадырап, жаның жаманшылық көрмесін!!
* * * * * * * * * * * * * *
Құтты болсын туған күнің, мерекең! Саған әлемдегі барлық жақсылықты тілеймін! Денсаулығың мықты болып, өз ортаңда абыройың асқақтай берсін! Шығар асуың көп болсын! Жүзіңнен күлкі кетпей, жаның жадырасын! Әр туған күнің бақыты мен шаттығын ала келсін!
* * * * * * * * * * * * * *
Көктемнің жанға жайлы күнінде өмірге келген .... ! Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Көктемдей құлпырып, жаның жадырай түссін! Жанарыңнан бір тамшы жас құламасын, бақыт, бақыт, тек қана бақыт тілеймін!
* * * * * *
Көңіліңіз көктемнің шуақты күніндей болып, жылы жүзіңізден күлкі кетпесін.
Сезіміңе берік болған барлық армандарың орындалсын. Келген күн жақсылығымен келіп, шуағына шомылдырсын.
Келіннің қолынан шай ішкізіп, немере қолынан су ішіп, шөбере қолынан май жалататын күнге жеткізсін.
Құрметті … туған күніңмен құттықтаймын!
Жыл сайын жаныңызға нұр, құшағыңызға гүл, жанұяңызға әсем ән сыйлайтын тәл мерекеңіз құтты болсын. Алла Тағала таусылмас бақытка кенелтіп, атар таңдыарыңызды тек жақсылықтармен қарсы алып, әр күніңіз нұрлы болсын. Көңіліңізде көктем әні шырқалсын. Әулетіңіздегі бірлік пен татулық нығая берсін.
Құрметті … туған күніңмен құттықтаймын!
Біз өзіңізге өкінбес өмір, кіршіксіз көңіл, сарқылмас бақыт, шалқыған шаттық, тұнық тыныштық, отбасыңызға ырыс – құт тілейміз. Әрқашан Алланың нұры жауып, ортамызда аман – есен жүріңіз. Асау толқынды өмір арнасында жанұяңыз бақ пен қуаныш нұрына шомылып, жыры мен сыры, әні мен мәні көп жақсылық жайлаған жағалауға тұрақтаңыз.
Өрге өрлейтін өмір – ол өмірді жеңетін алтын уақыт. Ешқашан таусылмайтын бақыт, сөнбейтін шырақ, әрқашан орындалар арман тілейміз. Аман болыңыз.
Туған күнің құтты болсын! Қарның тоқ болсын! Өмірің ұзақ болсын! Дастарханың майлы болсын! Жүрегің нәрлі болсын! Ұрпағың күшті болсын! Денсаулығың мықты болсын! Өмірің тәтті болсын! Жүрегің сырлы болсын!
Өмірің мәнді, шаңырағың сәнді болғай! Дастарқаныңнан дәм-тұзың үзілмей, барың берекеге, берекең мерекеге ұлассын.
Сіздердің "айналайын" деген жылы сөздеріңізден, алақандарыңыздан ешқашан Алла ажыратпасын. Алтындай бағалы, құндыздай жағалы, өркендеген ұрпақтарыңыздың үзілмес сабағы болыңыздар.
Ағайынға қамқор, бауырға мейірімді, жайсаң да жайдарлы келінімізге әлемдегі бар жақсылықты , дүниенің шуағын, өмірдің жырын, жүрегіне Алланың нұрын тілейміз. Алла жолын ақ, көңілін асқақ, жүрегін уайымсыз, арманын айқын, мақсатын анық етсін.
Сені туған күнімен құттықтаймын! Өмірде бақытты бол! Қызметіңде табысты болуыңа тілектеспін! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Махаббатың мөлдір, аспаның әрдайым ашық болсын! Еңбекте табыстан табысқа жете беруіңе шын жүректен тілектеспін. Алдағы мақсатың мен аңсаған арманыңа жете бер! Жыл сайын ағайын туыс бауырлар жиналып, сенің туған күніңді тойлай беруге жазсын!
* * * * * *
Күннен күнге құлпырып, күмбезіңізге нұр тұнып, асқарларға ұмтылып, армандарыңызға сыр тұнып, мына өмірде аман-есен жүре беріңіз.
* * * * * *
Отбасымыздың тәп-тәтті бүлдіршіні, көзқуанышымызды өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз. Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, жаным. Өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын.
* * * * * *
Дендеріне саулық, бастарына байлық, кіршіксіз өмір, кірбіңсіз таза көңіл сыйласын. Өмірлері алаңсыз, қайғы-мұңсыз болсын. Ата - анасын әрдайым жақсы қырларымен қуантып, артқан үміттерін ақтасын. Өмірдегі өз жолын тауып, ел аузында жүрер айтулы азамат атансын. Мектепті тек бестік бағамен тәмамдап, білікті маман иесі болып, биіктерді бағындыра берсін.
*****************
Қымбатты [Атыңыз],
Бүгінгі туған күніңізбен сізді шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн сізге тек қуаныш пен жылы сезімдер әкелсін. Өміріңіздегі жаңа жыл сіз үшін маңызды жетістіктерге, жарқын сәттерге және бақытты кездесулерге толы болсын. Сіздің барлық армандарыңыз бен тілектеріңіз орындалсын, ал денсаулығыңыз берік, күш-қуатыңыз мол болсын. Әр күніңіз махаббат пен қамқорлыққа толы, ал жүрегіңіз бақытты сезімдерге мекен болсын!
Жақсылық пен жылулық сізге серік болсын!
Туған күнге тілек әйелге "туған күнге тілек әйелге", "туған күнге құттықтау", "әйелге туған күн құттықтауы"