Пәні: Әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: оқушыларға өлеңді дауыстап, тісініп, мәнерлеп оқыту арқылы оқу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыта отырып, көркем сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды өз елін, жерін сүюге, құметпен қарауға баулу.
Көрнекілігі: Қазақстан жайлы суреттер
Қолданылатын әдіс: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Кіріспе әңгіме. Қазақстан Республикасы, табиғаты, жерінің байлығы, ұлы адамдар туралы оқушыларды қатыстыра отырып әңгімелесу.
- Біз елімізді несімен мақтан етеміз?
- ҚР мемлекеттік рәміздері туралы не білесің?
- ҚР Президенті кім?
- Туған жер дегенді қалай түсінесің? Т.б.
- Ө. Тұрманжанов жайлы мағлұмат беру.
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Оқушылардың іштей оқуы.
- Сөздік жұмысы. Қиын сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашу.
- Мәтінмен жұмыс.
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Туған өлкеміздің табиғатын сипаттаған жерлерін тауып оқы.
- Еліміздің қандай байлығы туралы айтылған?
- Өлеңді бірнеше рет мінерлеп оқыту.
- Өзің туған жерің туралы айт.
- Қазақстан Республикасы, туған жер, ел туралы тағы қандай өлеңдер білесіңдер?
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.

