Әдебиеттік оқу (2 - сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Туған тілім өркенде!»
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқып, жаңылтпашты жаңылмай айтуды, жұмбақ шешуді үйрету. Білім сайысын өткізу.
Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілдерін, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Білімділікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, суреттер.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, топтастыру, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, өлеңді мәнерлеп оқу, дидактикалық ойын: «Сөз ойла, тез ойла».
Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру
Оқытушы:
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Оқушылар:
- Қазір жылдың күз мезгілі.
Оқытушы:
- Күз мезгілінің қай айы?
Оқушылар:
- Күз мезгілінің қыркүйек айы.
Оқытушы:
- Қыркүйек айында қандай мерекелер бар?
Оқушылар:
- Білім күні, Тіл мерекесі.
Оқытушы:
- Дұрыс балалар! Ал біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл?
Оқушылар:
- Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі.
Оқытушы:
- Дұрыс! Өйткені біз қазақпыз. Отанымыз – Қазақстан.
Сондықтан да біз қазақ тілінде сөйлейміз, мемлекеттік тілімізде білім аламыз. Бүгінгі сабақта, балалар, осы уақытқа дейін өткен тақырыптарды қайталаймыз. Қайталау сабақ болғандықтан, сабақты сайыс түрінде өткізуді жөн көрдім. Сайысты бастамас бұрын топқа бөлініп, орындарыңызға отырыңдар.
- Балалар, біздің мектепте тіл мерекесіне арнап «ана тілің – арың бұл» атты апталық өтіп жатыр. Біз де бүгінгі сабағымызды тіл мерекесіне арнаймыз. Сайыс - сабағымыздың тақырыбы. «Туған тілім, өркенде!». Алдымен сайыстың шартымен таныстырайын. (интербелсенді тақтаға жазылған).
«Ана тілің – арың бұл»
«Туған тілім, өркенде!»
Сайыс - сабақтың шарттары:
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Жұмбақ шешу
3. Жаңылтпаш айту
4. Мақал - мәтел сайысы (мағынасын ашу)
5. «Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойын.
Оқытушы:
- Бұл сайыста әділқазылар өздеріңіз боласыңдар, яғни бір - біріңізді бағалайсыңдар.
Сайыс рет - ретімен өтеді, оқушылар өздері бағалайды. Сабақтың соңында қорытынды ұпайлар, бағалар есептеліп, жеңімпаз топ анықталады, марапатталады.
Туған тілім өркенде!
Әдебиеттік оқу (2 - сынып)
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз769 қаралым
#сабақ жоспары әдебиеттік оқу 2 сынып#туған тілім өркенде
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

