Тақырыбы: Тұлғаның адамгершілік негіздері
Мақсаты: Оқушылардың белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушыларды топқа бөліп, тапсырмалармен жұмыс жасата отырып, ақыл ойларын дамыту
Тәрбиелік: Тарихи санасы қалыптасқан, ұлттық рухы жоғары жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топпен жұмыс, «Қос жазба күнделігі», топтастыру Тұлға сөзіне, Куббизм, Бес жолды өлең стратегиясы, БББ кестесі арқылы тапсырмалармен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: постер арқылы тапсырма, тірек сызбалар, стикер т. б. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, геометрия
Сабақтың барысы:
І. Шаттық шеңбер.
ІІ. Топқа бөлу
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
IV. Жаңа сабақ
V. Үйге тапсырма
VI. Бағалау.
Шаттық шеңбер. Бір бірімізге сәттілік тілейік.
Топқа бөлу. Топ басшысын сайлау, топ басшының көмекшісі спикерді сайлап алу.
Үй тапсырмасын сұрау. Слайд арқылы тестке жауап беру.
Қоғамының рухани негіздері
«Алтын ереже» топтарды алтын ережемен таныстыру.
(Күн суреті) салынған плакат ілінеді.
1. Бір - біріміздің пікірімізді тыңдаймыз.
2. Уақыт үнемдейміз.
3. Топпен ақылдасып жауап береміз.
4. Ойымызды ашық жеткіземіз.
Топтардың аты: «Болашақ», «Жас қыран», «Білімділер».
Жаңа сабақ жоспары:
1. Рухтандырушылық пен адамгершілік
2. Тұлғаның адамгершілік қағидалары
3. Жақсылық пен жамандық
4. Парыз бен ар – ұят
5. Моральдық мұрат.
6. Отансүйгіштік және азаматтылық
7. Тәрбие мен білімнің адамгершілік қызметтері
Жарыс ережесі:
1.«Қос жазба күнделігі»
2. Топтастыру Тұлға сөзіне
3. Куббизм
4. Бес жолды өлең статегиясы
5. БББ кестесі
1.«Қос жазба күнделігі» Мұғалімінің түсіндірген сабағы бойынша оқушылар дәптерлеріне вертикаль сызық жүргізеді. Бір жағына әсер еткен тұстар мен үзінділер жазады, екінші жағына пікірін, нені еске түсіретінін, себеп салдарын жазады. Мұғалім топ басшысы немесе спикер арқылы жауаптарын талқылайды.
2. Топтастыру Тұлға сөзіне
3. Куббизм. Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сандар арқылы тапсырмаларын тандап, орындайды. Слайд арқылы кубиктар беріледі.
1. Адамгершілік дегеніміз не?
2. Әділдік дегеніміз не?
3. Сыпайылылық деген не?
4. Парыз деген не?
5. Мораль дегеніміз не?
6. Азаматтық дегеніміз не?
Қосымша сұрақтар:
1. Ар ұждан дегеніміз не?
2. Ізеттілік деген не?
3. Жамандық деген не?
4. Отансүйгіштік деген не?
5. Тәрбие деген не?
6. Білім дегеніміз не?
5. Бес жолды өлең стратегиясы. Оқушылар топ бола отырып, ақылдаса бір сөз тандайды. Таңдаған сөзден бес жолды өлең құрудың ережесі мынадай:
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Етістік
4. Ойды түйіндеу
5. Тақырыпқа байланысты синоним
Мысалы:
Кім? Ана
Қандай? Мейірімді, ақылды
Не істеді? Бағады, тәрбиелейді, өсіреді.
Түйін: Ағайын - алтау ана - біреу
Синоним Адам
Бекіту сұрақтары:
1. Тәрбиенің қоғамдағы рөлі қандай?
2. Адамгершіліктің қалыптасуына не әсер етеді?
3. Жақсылық пен жамандықтың айырмашылығы қандай?
4. Тұлғаның адамгершілік қағидаларына нелер жатады?
Бағалау: БББ кестесі.
Стикер тарату арқылы оқушылардан БББ кестесін жазу.
Смайлктерді санай отырып, жеңген топты мараппаттау.
Қортындылау: Адамгершілік дегеніміз адамның өзін қоршаған адамдарға, тіршілік иелеріне және жалпы табиғатқа саналы әрі риясыз мейірімділік танытуы.
Үйге тапсырма: Тұлғаның адамдық негіздері. Тақырыпты оқу. Тұлға эссе жазу.
Тұлғаның адамгершілік негіздері
Тақырыбы: Тұлғаның адамгершілік негіздері
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз810 қаралым
#жамандық#тұлға#ізгілік#адамгершілік қасиеті#адамгершілік негіздері
Ұсынылады
Тарихшы: Алтын Орданың барлық халықтарының ортақ рулық тамыры бар
Этнолог Дәмір Исхаков Алтын Орда руларынан тараған халықтардың ортақ тамырлары туралы айтып, рулық жүйені зерттеудің маңыздылығын атап өтті.
Ораз Ғалымбек·5 сағ бұрын
XVII ғасырда қазақ хандары мен батырларын қарумен кім қамтамасыз етті
Тарихшы Леонид Бобров XVII-XVIII ғасырларда қазақ элитасын Бұхара, Қоқан және Хиуа шеберлері қарумен қамтамасыз еткенін айтты. Толығырақ материалда.
Алаш Ордабай·2026 ж. 9 тамыз
Қазақтардың ата-бабалары Әмір Темір әскерінен табылды
Тарихшы Леонид Бобров Әмір Темір әскерінде қазақтардың, өзбектердің және тәжіктердің ата-бабалары қызмет еткенін айтты. Толығырақ материалда.
Алаш Ордабай·2026 ж. 7 тамыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

