Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Түлкі мен қоян

Түлкі мен қоян

Әуелі түлкінің құйрығы жоқ еді. Әрқашан қасқырменен тату тұрмаған себепті құйрығының жоқтығы жүрген ізін жасыра алмай, оған бек қатты залал келтірген. Соның үшін қасқыр әрдайым түлкінің артынан түсіп, аңдып жүріп, бір күні қасқыр барып оның ініне кірген. Әгәрдә түлкі іннің басқа жағындағы аузынан шығып кетпесе, өлтіріп тастар еді. Әлден соң түлкі ағаш ішіне кіріп кетіп, ағаштың түбінде тұрған қоянды көрді. Ол мезгілде қояндардың құйрығы ұзын болып, шапшаң жүргендеріне ыңғайсыз болып тұрушы еді. Сол жерде түлкі қоянды ұстап алып, өлтірмекші болып жатқанда, қоян сұрапты: «Мені өлтірме, саған құйрығымды сыйға берейін», — деп уағда қылады. Мұнысына түлкі көніп, екеуі сол жерде құйрықтарын айырбастайды. Сонан бері түлкінің құйрығы ұзын болып, қоянның құйрығы қысқа болып қалған екен.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама