Тұманбай Молдағалиевтің «Бауырлар» өлеңі бойынша сабақ

Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі Эссе, талдау, идеясы, сатылай кешенді талдау, композициялық талдау тақырыбы

Тұманбай Молдағалиевтің «Бауырлар» өлеңінің негізгі идеясы – шет елдерде тұратын қазақ бауырларға деген сағыныш пен махаббатты бейнелеу. Өлеңде автор туған жерден алыста жүрген қандастардың сезімдерін, олардың жүрегіндегі елге, Отанға деген махабатты, сондай-ақ қазақ халқының бірлігін, өзара сыйластығын, бір-біріне деген қолдауын айқын суреттейді. Өлеңнің басты мақсаты – ұлт бірлігін нығайту, әр қазақты бір-біріне жақын ету және өзге елдерде жүрсе де, Отанды ұмытпауға, оны сүйіп, құрметтеуге шақыру.

Сабақтың тақырыбы: Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Тұманбай Молдағалиевтің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен оның өмірбаянына тоқталу.
  • Тәрбиелік: «Бауырлар» өлеңін оқу арқылы оқушыларды отанды сүюге, өз ұлтына деген құрмет пен махаббатқа тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: Оқушылардың мәнерлеп оқу, өз ойын жеткізу қабілеттерін дамыту, жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың көрнекілігі:

  • ҚР картасы
  • Тұманбай Молдағалиевтің суреттері
  • Интерактивті тақта
  • Электронды оқулықтар

Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: география, музыка, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасу
  • Сыныпты түгендеу
  • Сабаққа дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • «Балық аулау» ойыны арқылы сабақты қорыту
  • Сұрақтар:
    1. Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романынан үзінді бойынша Ақан серінің өмірі қалай әсер етті?
      • Жауап: Ақан серінің өмірі қиын болғандықтан аяныш сезімі пайда болды.
    2. Күреңбай сыншы Құлагердің қандай сипаттарына сүйеніп «Мынау бір пырақ екен» деді?
      • Жауап: Құлагерде он үш қабырға бар екен дейді.
    3. Ат үстінде ойын көрсетіп, сырнай тартып, ән айтып жүрген бала кім? Ол не деп жар салды?
      • Жауап: Қошқарбайдың Шашубайы, ат бәйгесінің болатынын айтты.
    4. Шығарма соңында Құлагердің тағдыры не болды?
      • Жауап: Құлагер өледі.
    5. Құлагерге жауыздық жасаған кім?
      • Жауап: Батыраш.
    6. Құлагерді сипаттап бер.
      • Жауап: Терісі жұқа, ет пен терінің арасында май жоқ, қанша шапса да басы айналмайды, тынысы тарылмайды.

ІІІ. Жаңа сабақ:

  • Тұманбай Молдағалиевтің өмірін топтастыру стратегиясы арқылы түсіндіру.
  • Тұманбай поэзиясы туған жерге, елге, ата-анаға, дос-құрбыға деген махаббатпен толы. «Бауырлар» өлеңі де шет жерде жүрген бауырларымызға деген сағыныштан туған.
  • Өлеңді оқымас бұрын электронды оқулықтан тәуелсіз Қазақстан туралы бейнеүзік көрсету.
  • Өлеңнің мәнерлеп оқылуы.

ІV. Қорытынды:

  • Өлеңді талдау, оқушылардың пікірін тыңдау.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатына сәйкес өлеңнің негізгі идеяларын анықтау.

V. Үй тапсырмасы:

  • «Бауырлар» өлеңін жаттау.
  • Тұманбай Молдағалиевтің басқа шығармаларын оқып, талдау жасау.