Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты:
1. Тұрақты тіркестердің жасалу жолын, олардың мағыналарын түсіндіру
2. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызба
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, отырғызу.
Кезекшімен диалог.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбына шығу.
Тірек сызба арқылы сабақты түсіндіру
1 - тапсырма
Топпен жұмыс.
Әр топқа сөз тіркестері жазылған карточкалар таратылады. Солардың ішінен тұрақты тіркестерді теріп жазу қажет.
Содан кейін әр топ орындаған тапсырмаларын оқиды. Ал басқа топтар дұрыс, не бұрыс екенін айтады. Егер дұрыс болмаса дәлелдейді.
ІV Сабақты меңгерту
2 - тапсырма
Тұрақты тіркестердің мағынасын жазу
1. Ағама жеңгем сай, апама жездем сай
2. Арқа сүйеу
3. Бауыр басу
4. Инемен құдық қазғандай
5. Опық жеу
6. Маңдай тер
7. Өрісі кең
8. Кірпік қаққанша
3 - тапсырма
Тұрақты тіркестерде қандай қате жіберілген тап...
Қадалған жерден су алу -
Үй көтерді -
Жерден алты қоян тапқандай -
Ешкі аузынан шөп алмас -
Екі аяғын екі етікке тығу -
4 - тапсырма
Топтар арасында сайыс.
Әр топ кезектесіп антоним, синоним болатын тұрақты тіркестерді айтады.
М - лы: Су жүрек - Жүрек жұтқан, т. б
5 - тапсырма Мына сөздерге тұрақты тіркестерді жазыңыз.
М - лы: Тез - қас пен көздің арасында; кірпік қаққанша
Қуану -
Өкіну -
Назар аудару -
6 - тапсырма Сиқырлы сандықша.
Сандықшаның ішінен балалар тұрақты тіркестер жазылған қағаздарды қарамай алып, олардың беретін мағыналарын айтады
V Сабақты қорыту
Тест орындау.
VІ Үйге тапсырма
Тұрақты тіркестерді қатыстырып шағын эссе жазу
VІІ Бағалау
Тұрақты тіркестер
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз725 қаралым
#қазақ тілі#тұрақты тіркестер#сабақ жоспары
Ұсынылады
Жасанды интеллект және қазақ тілі: Талғарда маңызды жиын өтті
Талғар ауданында жасанды интеллект дәуірінде ана тіліміздің тағдыры мен рухани құндылықтар мәселесі талқыланды. Жиында қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары қаралды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 19 наурыз
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу
Қазақ әдебиеті 9 - сынып
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

