18 жастағы турист Лукас Рейнджер Тайланд әуежайында ұсталды. Полицияның айтуынша, ол бөтен сағатты ұрлап кеткен. Жігіт ұшу алдында қамауға алынып, кепілге босатудан бас тартылды. Бұл туралы infohub.kz сайты NEWS.ru-ға сілтеме жасап хабарлады.
Рейнджердің өзі ешкімнің затын ұрламақ болмағанын айтады. Оның сөзінше, ол жеке заттарының қасында жатқан сағатты қателесіп алып кеткен. Анасының айтуынша, ұлы ұзақ теңіз сапарынан кейін өзін нашар сезінген, сондықтан оны тай түрмесіне жабу тым қатаң шара екенін мәлімдеді.
Жергілікті заң бойынша жігітке бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және 10 мың батқа дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Рейнджердің адвокаты істі қайта қарауды талап етуде. Сағат иесіне өтемақы ретінде 1 000 доллар берілді, дегенмен басылымның мәліметінше, сағаттың өзі 100 доллар шамасында тұрады.
Қазір турист қамауда отыр, ал оның болашақ тағдырын Тайланд билігі шешеді.


