Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Түркияда саяси текетірес ушықты: Президент Ердоған оппозиция серкесін сотқа берді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен оппозиция арасындағы саяси қақтығыс жаңа деңгейге көтерілді. Мемлекет басшысы Халықтық-республикалық партия жетекшісі Өзгүр Өзелге қарсы азаматтық және қылмыстық талап арыз түсіргені белгілі болды.Бұны Инфохаб тілшісі хабарлайды.

Президенттің адвокаты Хюсейн Айдынның айтуынша, 5 шілдеде Өзел өткізген баспасөз жиынында Ердоғанға бағытталған ауыр сөздер айтылып, оны қорлау мен үркіту белгілері байқалған. Осыған байланысты Анкараның азаматтық сотына моральдық өтемақы өндіру туралы шағым жолданса, прокуратураға қылмыстық іс қозғау жөнінде де өтініш тапсырылған.

Оппозиция серкесі Өзгүр Өзел сол күні бірнеше қала — Анталия, Адана, Адыяман және Манавгат әкімдерінің ұсталуын қатаң сынап, бұл жағдайды биліктің авторитарлық бетбұрысы ретінде бағалаған. Сонымен қатар ол қараша айында кезектен тыс президенттік сайлау өткізу қажет екенін айтып, Ердоғанның билігі сол сайлауда жеңіледі деген мәлімдеме жасаған.

Бұл оқиға Түркиядағы билік пен оппозиция арасындағы шиеленістің күшейіп бара жатқанын аңғартады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама