- 04 мам. 2021 00:00
- 243
Түркістан
Түркістан қаласы – көп ғасырлық тарихы бар ең ежелгі қалалардың бірі. 2018 жылдың маусым айында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы деп өзгерген болатын. Дәл осылай Түркістан қаласы Түркістан облысының орталығына айналған болатын. Жалпы Түркістан облыс орталығы ғана емес, рухани қазынамыздың орталығы. Қазіргі таңда қала қарқынды түрде дамып келеді. Көптеген жаңа ғимараттар тұрғызылып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның негізгі мақсаты тарихи-мәдени мұраны сақтау және дамыту болып табылады. Түркістанның сәулеті тек ескі құрылысты қамтып қана қоймай, заманауи сәулетті үйлесімді де қамтып даму үстінде. Түркістан қаласында халқымыздың өркениетінің салт-дәстүрі мен қолөнері сақталған, оны болашақ ұрпаққа жеткізу үшін арнайы тарихи орталық бар. Онда көптеген көне жәдігерлер қойылған. Қазіргі таңда бұл шаһарда ашылып жатқан сауда орталықтарының сәулетіне, дизайнына ерекше мән беріліп отыр. Сонымен қатар, Орта Азия елдерінің съездері, мәдени бас қосулар секілді маңызды жиындар Түркістанда өтетін болды. Қалада экономика және әлеуметтік салалары дамып, мәдениет, білім және рухани жұмыстар қолға алынған болатын. Түркістан – бағзы заманнан ақ сауда-саттықтың ортасы болған. Сондықтан, Түркістанды облыс орталығы ету - керемет шешім болды. Түркістанды тамашалауға Қазақстанның әр аймағынан адамдар барып жатыр. Демек, қаланың туризім саласы қарқынды дамуда. Қалада көптеген ойын-сауық орталықтары, қонақ үйлер, мәдени-тарихи орындар, театрлар, мейрамханалар, салтанат үйлері, спорттық демалыс нысандары мен базарлар көп және олар шет елден келген қонақтардың талаптарына сай. Туристерге толықтай сапалы қызмет көрсете алатын орындар жетіп жатыр дей аламыз.