Түркістан облысында полиция мен блогерлер бірлескен рейдтер кезінде Қазақстанда тіркелмеген шетел нөмірлі бес автокөлікті анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шаралар «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілуде. Рейдтердің бірінде инспекторлар бес көлікті тоқтатып, тексерді: Toyota Alphard, Hyundai Santa Fe, Hyundai Sonata, Toyota Camry және BMW. Барлық жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицейлер автокөлік иелеріне Қазақстанда көлікті уақытылы тіркеу қажеттігін ескертті. Мемлекеттік нөмірсіз немесе республикада тіркелмеген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған көлікті басқарғаны үшін 10 АЕК (2026 жылы 43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Жыл ішінде қайталанған бұзушылықта айыппұл 20 АЕК-ке дейін өседі немесе жүргізуші бір жылға жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.

Полиция мұндай тексерулердің жалғасатынын атап өтті. Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы шетел нөмірлі көліктердің нақты санын атай алмады.