Түркістан облысындағы Шаян – Екпінді трассасында жол апатынан жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Өлімге әкелген жол апаты түнде болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Бәйдібек ауданындағы жолда Toyota Camry мен Volkswagen Passat автомобильдері соқтығысқан.

Жеті адам апат орнында көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу және процессуалдық амалдар жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады», — деп мәлімдеді тәртіп сақшылары.