Түркияның Конья провинциясында туристерді тасымалдаған жолаушылар автобусы жолдан шығып, арыққа аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 45 адам зардап шекті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
РИА Новости агенттігі түркиялық Hürriyet газетіне сілтеме жасап хабарлағандай, туристер автобусы Түркияның оңтүстік-батысындағы Конья провинциясында арыққа аударылып қалды.
Апат 2 қарашадан 3 қарашаға қараған түні сағат 02:00 шамасында Ыспарта — Бейшехир тас жолында, Хююк ауданында болды. Анталья — Ыгдыр бағытында жүрген автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып, аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 45 адам зардап шекті.
«Зардап шеккен 45 адамның барлығы жедел жәрдем көліктерімен ауруханаларға жеткізілді», — делінген мақалада.
Шамамен 40 адам жеңіл жарақат алғаны атап өтілді. Бесеуі Коньяның медициналық мекемелеріне жіберілсе, тағы үшеуі Сейдишехир ауданының ауруханасына орналастырылды.


