Түркияның кейбір өңірлерінде ауа температурасы +50°C-қа дейін жетуі мүмкін. Туристерге күндізгі уақытта көшеде болмау ұсынылады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Әсіресе Эгей және Жерорта теңіздері аймақтарында ауа температурасы +50°C-қа дейін сезіледі. Туристер мен қауіп тобындағы адамдар сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін көшеге шықпауы керек», — деді түрік терапевті Дилек Шенгюль.

Сарапшы күндізгі уақытта күн астында ұзақ болу күн ұруға, сусыздануға және созылмалы аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін екенін ескертті. Оның айтуынша, егде жастағы адамдар, жүкті әйелдер, балалар және жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар ерекше сақтық шараларын қолдануы қажет.

Шенгюль сондай-ақ туристерге ең ыстық сағаттарда үй ішінде болуды, жеткілікті мөлшерде су ішуді, ақшыл түсті жеңіл киім киюді және бас киімді ұмытпауды кеңес берді.

Соңғы апталарда Түркия тұрақты ыстық толқынының әсерінде. Ең жоғары температура оңтүстік-шығыс провинцияларда тіркелуде, алайда ыстық Эгей және Жерорта теңізі жағалауындағы танымал туристік аймақтарды да қамтып жатыр.