Танымал қазақстандық кәсіпкер, продюсер әрі актриса Баян Алағұзованың жұбайы Тұрсын Алағұзов 57 жасқа толуын кең көлемде атап өтті. Тойға отандық шоу-бизнес жұлдыздары шақырылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Баян Мақсатқызы Instagram парақшасында сүйікті жұбайының туған күніне арналған кештің кадрларын жариялады. Қонақтарға көптеген көңілді конкурстар мен таңдаулы дәмді тағамдар дайындалды.

Шақырылғандар арасында жұбайымен бірге Динара Сатжан, Аида Кауменова, Ерке Есмахан мен RaiM, Айқын мен Жұлдыз Өмірғали, сондай-ақ қазақстандық шоу-бизнестің басқа да өкілдері байқалды.

Қонақтардың алдында A'Studio тобы мен Нұрлан Сабыров өнер көрсетті. Туған күн иесіне қымбат әрі есте қаларлық сыйлықтар тарту етілді. Атап айтқанда, Баян Мақсатқызы жұбайына алтын түйреуіш сыйлады, ал оның үлкен қызы мен күйеу баласы тосынсый жасап, 1981 жылғы Cadillac тарту етті.

Динара Сатжан да тойдан кадрлар бөлісті. «Бақытты болу — бәрі жақсы болатын сәтті күту емес. Бақыт — «бір күні» деген туралы емес. Ол — дәл қазір, осы сәтте! Өзіңмен дәл қазір болып жатқан сәтте бола білу. Естеліктермен өмір сүрмеу және өмірді одан да жақсы болады деп кейінге қалдырмау. Осында және қазір өмір сүру. Өйткені қазір — бізде шынымен бар жалғыз нәрсе! Туған күніңмен, Тұрсын Алағұзов!» — деп жазды тележүргізуші.