Қазақстандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі футбол додасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды infohub.kz.

Тұрсынбек Қабатов футболдан әлем чемпионаты туралы әзіл-қалжың аралас жазба жариялады.

«Финал 2026. Месси қырқынан шығарған баласымен. Ламин Ямаль мен Лионель Месси. Кезінде "аузына бекер түкірдім" деп отырған шығар Месси», – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.

Еске сала кетейік, Тұрсынбек Қабатовтың үлкен қызы Әдемі Тұрсынбекқызы бұған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа көлігін көрсеткен еді. Сондай-ақ Тұрсынбек Қабатов үлкен қызы Әдемінің шетелдік жоғары оқу орнын бітіргеніне қуанып, жолда ақыл-кеңес бергендерге алғыс айтқан.

Тұрсынбек Қабатов деген кім?

Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов – қазақстандық әзілкеш, актер, КВН ойыншысы және сатира жанрының танымал өкілі. Ол 1979 жылы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Ақпатер ауылында дүниеге келген.

Әртіс көпшілікке қазақша әзілдерді шебер орындауы, өткір юморы және сахнадағы еркін мінез-құлқымен танымал. Оның шығармашылығында юмор арқылы өзекті қоғамдық мәселелер, күнделікті тұрмыс және ұлттық мінездің ерекшеліктері көрініс табады.

Тұрсынбек Қабатов еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан облыстық Ғарифолла Құрманғалиев атындағы филармониясында бастаған. 2001 жылдан бастап КВН-де өнер көрсетіп, юморлық жанрдағы кәсіби жолын қалыптастырған.

Студенттік кезінде ол «Аграрка сарбаздары», «Астана.kz» және «Казахи» командаларында ойнаған. Әсіресе, «Казахи» командасында өнер көрсетуі оған кең танымалдық әкелді.

2010 жылы командасымен бірге Халықаралық КВН Одағының Жоғары лигасының вице-чемпионы атанған. Сондай-ақ ТМД елдері арасында үздік КВН ойыншысы атағына ие болған.

Кейін Тұрсынбек Қабатов жеке шығармашылыққа көшіп, Астана мен Алматыда концерттер берген. Ол теледидар жобаларына қатысып, продюсер және ұйымдастырушы ретінде жұмыс істеген.

Әртіс «Базар жоқ» театрын ашып, юморлық жобалардың дамуына үлес қосқан. Сонымен қатар «Әзіл әлемі» театрын басқарған.

Тұрсынбек Қабатовтың еңбегі мемлекеттік және қоғамдық наградалармен аталып өткен. 2014 жылы оған «Қазақстан Республикасының Мәдениет үздігі» атағы беріліп, Казталов ауданының құрметті азаматы атанған. 2015 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болған.

Бүгінгі таңда Тұрсынбек Қабатов қазақ сахнасында өз стилін қалыптастырып, юмор мен сатираның дамуына үлес қосқан танымал өнер қайраткерлерінің бірі саналады.