Математика
Сынып: 2
Сабақтың тақырыбы: Тиісінше бөлу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға азайту амалын қолдану арқылы тиісінше бөле білу тәсілін үйрету; Оқушылардың есептер жайлы білімдерін кеңейту, есеп шығара білу қабілеттерін қалыптастыру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыру, танымдық, логикалық шығармашылық белсенділігі ұқсастық пен айырмашылықты бөліп көрсете алуға білімдерін дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушыны өмірімен нығайту, пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру. Жолдастың өзара көмек, қиындыққа ортақтасу сезімдерін ояту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрлері: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: буклет, бауырсақ ертегі кейіпкерлері, суретті плакат, білезік, қапсырма, торсық, кәмпиттер, ребустар, компьютер,интерактивті тақта
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Психологиялық даярлық.
IIІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІV. Үй тапсырмасын бекіту.
V. Жаңа сабақты түсіндіру.
VI. Оқулықпен жұмыс.
VII. «Теңге алу»ойыны;
VIII. Логикалық есептер;
IX. Математикалық диктант.
X. Ребус шешу.
XI. Бағалау .
XII.Үйге тапсырма.
XIII. Қортынды.
I Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
- Бүгін бізде математикадан ашық сабақ.
Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарымызды шығарайық
II. Психологиялық даярлық.
- Балалар бүгінгі сабақта бір – бірімізге жақсы тілектер айтайық. (тілектер айтылады).
- Балалар бәріміз де ертегіні жақсы көреміз бе ? Олай болса мен сендерге «Бауырсақ» ертегісін айтып берейін.
- Бұрынғы өткен заманда қарт ата мен әже болыпты. Ата бір күні әжеге қарным ашты дейді. Әже қаптың түбіндегі ұнды алып ашытып, бауырсақ пісіреді де терезе алдына суысын деп қояды. Терезе алдында тұрған бауырсақ секіре түсіп қаша жөнеледі. Бауырсақ әндете келе жатса алдынан қоян шығады. Қоян бауырсақты менің тапсырмамды орында сонда жіберемін дейді. Көмектесейік пе, балалар, бауырсаққа?
Қоянның тапсырмасы. IIІ Үй тапсырмасын тексеру.
№3
2+2+2+2= 8 ---------------------4+4=8
2+2+2+2+2= 10-----------------5+5=10
3+3=6 ------------------------------2+2+2=6
3+3+3=9 ---------------------------3+3+3+3=12
2+2+2+2+2+2=12----------------6+6=12
ІV. Үй тапсырмасын бекіту.
Үй тапсырмасын көрнекілік арқылы бекіту.
- Міне балалар, сендер бауырсақты қояннан құтқардыңдар, ол риза болып әрі қарай жүріп барады, келе жатса алдынан Қасқыр шығады. Қасқырдан кетейін десе менің тапсырмамды орындаса «босатамын» - дейді. Қане, енді мен көмектесейін.
Қасқырдың тапсырмасы: V. Жаңа сабақты түсіндіру.
№1.
4 қапсырмадан 2 адамға, 2 қапсырмадан 4адамға беруге болады.
8-4-4=0, 8-2-2-2-2= 0
№2
2 білезіктен 3 адамға беруге болады.
6-2-2-2 = 0
Қасқырдан құтылған бауырсақ әрі қарай жүгіре жөнелді. Келе жатса алдынан Аю шығады. Аю бауырсаққа менің тапсырмамды орындасаң босатамын дейді.
- Қане балалар, көмектесеміз бе?
- Иә.
VI. Оқулықпен жұмыс. Аюдың тапсырмасы:
№3
8-2-2-2-2=0 -------------- 8-4-4 =0
6-2-2-2 =0----------------- 6-3-3= 0
10-2-2-2-2-2 =0---------- 10 – 5-5 = 0
9-3-3-3 =0 ----------------- 12-3-3-3-3 = 0
12-2-2-2-2-2-2= 0 -------- 12-6-6=0
12-4-4-4 = 0---------------- 12-12=0
№4
Шарты: шешуі: № (13 + 49)+ 13 = 75
0 -? 8-13. 49 артық Б - ?
2) 13 + 49 = 62
12+ 62 = 75
Ж: Барлығы: 75.
Оқушылар сендер бауырсақты Аюдан да құтқардыңдар Бауырсақ риза боп келе жатса алдында теңге ілулі тұр, әрі секіреді, бері секіреді бойы әлі жетпей тұр қане кім көмектеседі?
VII. «Теңге алу» ойыны;
№ 5
Х + 54 =89
Х = 89 – 54
Х = 35
___________
35 + 54 = 89
89 – х = 45
х = 89 – 45
х = 44
___________
89 – 44 = 45
х – 54 = 45
х = 45 + 54
х = 99
__________
99 – 54 = 45
Кім алғашқы болса болған оқушы теңгені алады. Риза болған бауырсақ келе жатса, алдынан қу түлкі шығады. Ол да тапсырмамды орындасаң босатамын дейді. Бәріміз бірігіп көмектеселік балалар, жарай ма? Түлкінің 3 тапсырмасын да орындаймыз ба?
- Әрине.
VIII. Логикалық есептер; Түлкінің тапсырмалары:
1. бір бөлмеде 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр – қайсының алдында 3 мысық отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар ? (4)
2. Екі стаканға бірдей су құйдық. Оның біреуін тарелкаға төңкердік. Қай стаканда су көп ? (бірдей)
IX. Математикалық диктант.
26 + 24 = 50
45 + 23 = 68
26 + 7 = 33
78 + 22 = 100
63 - 57 = 36
68 – 45 = 23
X. Ребус шешу.
1 'елік - бірлік
От ' " сандық – ондық
жүздік" Д "үтік – жүздік.
- Міне балалар біздер бауырсақты түлкіденден де құтқарып жібердік
- Бауырсақ сендерге өте риза және мына алмалар мен алмұрттарды сендерге тарту етеді Үнемі білімді , өнегелі болыңдар және алдағы уақытта да мына тапсырмны беріп кетті.
XI. Бағалау
"5" алғандарға қызыл алма.
"4" алғандарға – алмұрт.
"3" алғандарға – апельсин
XII.Үйге тапсырма.
№ 6 шығармашылық тапсырма.
XIII. Сабақты қортынды.
- Сабақ аяқталды
- Сау болыңыздар.
Тиісінше бөлу
Сабақтың тақырыбы: Тиісінше бөлу
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 4 наурыз664 қаралым
#математика#бастауыш#тиісінше бөлу
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

