Сабақтың мақсаты:
а\Білімділік: Оқушыларды Ұ дыбысы және әрпімен таныстыру.
ә\Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын және ойлау қабілеттерін арттыру.
б\Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: Ұ әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.
Сабақтың әдісі - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекіліктері: суреттер, кеспе әріптер, буындар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушыларды алдын ала топқа бөліп алу.
Топтардың аты: қызғалдақ, бәйшешек, раушангүл.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Психологиялық дайындық:
Сәлем деймін күнге мен,
Сәлем деймін мен саған.
Сәлем деймін апайға,
Қонақтарға мың сәлем.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
- Қане, балалар біз өткен сабақты қандай дыбыспен таныстық: \Ж ж дыбысымен\
- Дұрыс айтасыңдар!
- Қане, өткен сабақты қаншалықты меңгергендеріңді білейік.
1.«Ең, алғыр топ!» деп аталатын ойынымызда әр топқа тапсырма беремін. Бұл тапсырманы дұрыс әрі ұқыпты етіп орындасақ, әдемі бір гүлдің бейнесін құрап шығасыңдар. Гүлдің әр күлтешесінің астында Ж дыбысына байланысты суреттер берілген, сол суреттердің астындағы ұяшықтарға әр суреттің атауын атап, буынға бөліп күлтешені өз орнына орналастырасыңдар. Егер де, сендер берілген тапсырманы дұрыс, әрі қатесіз орындасаңдар гүлдің бейнесін құрайсыңдар.
- Жарайсыңдар, балалар!
ІІІ. Жаңа сабақ:
- Қане, балалар сендер мына затты бұрын көріп пе едіңдер?
- Бұл ұршық деген зат. Ұршықпен жіп иіреді. Жіпті малдың жүнінен жасайды. Ал, жүнді малды қырқу арқылы алады. Малдың жүнін қырықтық деген құралмен қырқады. Ертеде фабрикалар болмағанда, жіп жасауға тек осы ұршық затын қолданған.
- Қане, балалар «Ұршық» сөзін қайталап, буынға бөлейікші. Ұр - шық.
Ал, балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ұұ дыбысы мен әрпі.»
- Олай болса, балалар, барлығымыз тақтаға қарап, электронды оқулықтан берілетін бейне сюжетке қарайық.\электронды оқулықтан берілген 5тапсырмасын орындау\
- Міне, балалар сендер Ұ дыбысы туралы тамаша бір бейне сюжетке куә болдыңдар. – Сонымен балалар, Ұ дыбысы қандай дыбыс екен? \дауысты дыбыс\
Ал, балалар бүгінгі сабақта Ұ дыбысына байланысты тапсырмаларды орындайық.
2.«Ең, жылдам топ!» ойыны. Бұл ойынның шарты әр топ берілген суреттерге қарай отырып, қима әріптер арқылы әр суреттің атауын астында берілген ұяшықтарға қатесіз, ұқыпты етіп орналастыру.
- Жарайсыңдар, балалар!
- Қане, балалар сергіту сәтін орындайық:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалды сұр қоян.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Қос аяқтап секірді. \қимылмен\
Дәптермен жұмыс.
- Балаларға ең алдымен, Ұ дыбысын ауада жаздыру.
- Сауат ашу дәптерінде Ұ дыбысына берілген тапсырмаларды жазу.
ІV. Қорытынды. Сұрақ - жауап әдісімен:
- Қане, балалар бүгін қай дыбыспен таныстық?
- Ол дыбыс қалай айтылады?
- Ол дыбыс дауысты ма, дауыссыз ба?
- Олай болса балалар, сендердің бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендеріңді «Тапқырлар тобы» деп аталатын ойын арқылы сабағымызды қорытындылайық.
Бұл ойынның шарты суретте берілген атаулардың түсіп қалған әріптерді тауып, жазу.
- Жарайсыңдар, балалар Ұұ дыбысын дұрыс тауып, жазып шықтыңдар.
V. Үйге тапсырма
VI. Бағалау.
- Әр топты әрбір тапсырманы орындау барысында стикер арқылы бағалап отырамын. Әрбір дұрыс жауапқа 1 стикер беріледі.
- Әр топ басшысын шығарып, жинаған ұпайларын санатып, жеңіске жеткен топты мадақтау арқылы бағалаймын.
Ұ дыбысы және әрпі
а\Білімділік: Оқушыларды Ұ дыбысы және әрпімен таныстыру.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз755 қаралым
#сауат ашу#мектепалды даярлық сыныбы#ұ дыбысы және әрпі
Ұсынылады
Мектептерде диктант пен бақылау жұмыстары қайта оралуы мүмкін бе?
Қазақстан мектептеріндегі білімді бағалау жүйесі өзгеруі ықтимал. Оқу-ағарту министрлігі БЖБ мен ТЖБ жүйесін талдап, дәстүрлі жазба жұмыстарын қайта енгізуді қарастырып жатыр.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 31 мамыр
Мектептегі "шоу-сабақтар" білім сапасын төмендетеді: Мұғалім министрге үндеу жолдады
Белсенді педагог Айман Сағидулла аттестациялаудың жаңа ережелеріне қатысты алаңдаушылығын білдіріп, "шоу-сабақтардың" оқушыларға кері әсер ететінін айтты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 18 сәуір
Мектепте жаңа үш пән енгізіледі: Білім министрінің шұғыл мәлімдемесі
Қазақстан мектептерінде оқу бағдарламасына жаңа пәндер қосылып, білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болады.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 15 сәуір
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

