Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ү дыбысы мен әрпін танытып, сөздегі орны туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: берілген сөздерді дұрыс оқуға, жазуға бейімдеу. Ү дыбысына қатысты жаңа сөздер ойлату, сөйлемдер құрату.
Дамытушылық: Дыбысталуы ұқсас Ұ дыбысымен салыстыра отырып, танымдық іс-әрекеттер, ойын арқылы тілін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды құстарды қорғауға, табиғатты аялауға, аңдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: кеспе әріптер, суретті әліппе, әліппе серігі, тірексызба.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
Жақсы оқушы әрқашан,
Дейді Білім үйренем.
- Қане, қандай тапсырма
Беріп едім үйге мен.
Ө - қандай дыбыс? (дауысты, жіңішке).
О – қандай дыбыс? (жуан, дауысты).
Мақалмен жұмыс.
• Сөз атасы – мақал.
• Жақсы сөз – жарым ырыс.
• Өтірік айтпа, ұрлық жасама.
Сергіту сәті. «Бөпешім» әні.
Әлді, әлди, бөпешім.
Әлпештейтін көкешім.
Тербетейін жата қой.
Тәтті ұйқыға бата ғой.
ІІІ Жаңа сабақты меңгерту.
Жұмбақ.
Баласын тізіп соңына.
Сүңгіп жүріп үйретті.
Су жұқпайтын тонына
Кім біледі....? (Үйректі)
«Үйрек» десе – бірінші,
«Бүйрек» десе – екінші,
Бұл қайсы әріп екенін
Біреу айтып берсінші. (Ү)
Ү – қазақтың төл дыбысы. Орыс тіліндегі сөздерде болмайды.
IV Оқулықпен жұмыс.
Үкі суреті – Үкі түн құсы. Үкі өзінің жемін түнде аулайды. Сонымен қатар ол бір жерде ғана тіршілік етеді. Ол қысқа қарай мекенін өзгертеді.
V Сергіту сәті. Жаңылтпашты жаңылмай айтқызу.
• Үш аша,
Үшкір ме ұшы аса?
• Үйшік жаса күшін үшін,
Кең қып жаса үйшік үшін.
VI Дәптермен жұмыс.
Үү
Күн, үкі, күй, үй үміт үлек
жү -рек, үй - шік кү - шік.
VII Жұмбақ жасыру.
Халық қу деп,
Қылған күлкі,
Айласы көп
Бұл не?..... (Түлкі)
VIII Сабақты қорыту.
- Балалар, біз бүгін қай әріппен таныстық?
- Ү дыбысы қандай дыбыс?
- Қандай құстармен таныстық?
ІХ Оқушы білімін бағалау.
Х Үйге тапсырма беру
Ү дыбысы және әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы және әрпі
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз537 қаралым
#сауат ашу#бастауыш сыныптарына арналған сабақ жоспары#ү дыбысы және әрпі
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

