Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Таалатбек Масадықов Қазақстанда жақын арада ұшқышсыз ұшу аппараттарынан нысандарды қорғау дағдыларын пысықтауға бағытталған оқу-жаттығу өтетінін хабарлады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Масадықов басылымдардың біріне берген сұхбатында ҰҚШҰ-ға мүше елдердің дрон шабуылдарына қарсы іс-қимыл шаралары туралы айтты. Оның айтуынша, нысандарды ұшқышсыз ұшу аппараттарынан қорғау мәселесі алдағы күзгі оқу-жаттығулардың бағдарламасына енгізілген, олар алдымен Қазақстанда өтеді.

«Нысандарды ұшқышсыз ұшу аппараттарынан қорғау мәселесі көтерілді. Биыл қыркүйекте Қазақстанда "Рубеж-2026" оқу-жаттығуы өтеді, қыркүйектің соңы – қазанның басында Ресейде "Взаимодействие-2026" оқу-жаттығуы, содан кейін қазанда Беларусьте "Нерушимое братство" оқу-жаттығуы өтеді. Біздің ұйымға мүше елдердің қорғаныс ведомстволарының өтініші бойынша бұл мәселе енгізілді», – деді ол.

Масадықов барлық елдер соғыс жүргізудің өзгерген нысандарына бейімделуге тырысып жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл өте дұрыс және ҰҚШҰ-ның әскери құрамдас бөлігі бойынша бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі.