Қытайдың Үхань қаласындағы Янло портында контейнерлі кемеде күшті жарылыс болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты China Daily-ге сілтеме жасап.

Оқиға сағат 5:30 шамасында, гибридті күш қондырғысы бар "Ихан Минъюань" контейнерлі кемесі А101 айлағына бет алған кезде болды. Жарылыс кеменің артқы бөлігінде естіліп, одан кейін өрт шықты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, суға жеті контейнер құлаған. Экипаждың бір мүшесі хабарсыз кетті. Қазіргі уақытта құтқару операциясы жалғасуда.