Украина Ұлттық қауіпсіздік қызметі (СБУ) Ресейдің «көлеңкелі флотына» қарасты Avero танкеріне Қара теңізде және Ставрополь өлкесіндегі үш мұнай базасына сәтті шабуыл жасалғанын хабарлады. Соққылар салдарынан нысандарда ірі өрттер шықты, деп хабарлайды infohub.kz.
Украина арнайы қызметінің мәліметінше, Avero танкері украиналық санкциялар тізімінде болып, G7 және Еуропалық Одақ белгілеген халықаралық шектеулерді айналып өтіп, ресейлік мұнайды тасымалдау үшін пайдаланылған. Кеме шикізатты, атап айтқанда, Қытай мен Үндістанға жеткізген.
Танкерге шабуыл жасау үшін СБУ-дың «Мамай» теңіз дроны қолданылған. СБУ-да Avero соңғы он күн ішінде украиналық арнайы қызмет шабуыл жасаған Suezmax класындағы төртінші танкер болғанын атап өтті.
Теңіз операциясынан басқа, украиналық дрондар Ставрополь өлкесіндегі Украина мемлекеттік шекарасынан шамамен 600 шақырым жерде орналасқан үш мұнай базасын соққыға алды. СБУ-дың хабарлауынша, нысандарда бірнеше жарылыстан кейін жанар-жағармай материалдары бар резервуарлар өртеніп, ірі өрттер тудырған.


