Украинаның 2027 жылдың басында Еуропалық одаққа кіруі мүмкін емес. Бұл туралы ЕО-ның кеңею мәселелері жөніндегі комиссары Марта Кос Украина президенті Владимир Зеленскийдің ниетін түсіндіргенде мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«2027 жылғы 1 қаңтар деген күнді президент Зеленский белгілеген еді. Кіру еңбегіне қарай қағидатына негізделеді: бұл күннің мүмкін еместігі анық», — деп келтіреді оның сөзін Corriere della Sera басылымына берген сұхбатында.

Марта Кос айтуынша, геосаяси ахуалдың өзгеруіне байланысты көптеген ел үшін, тек Украина үшін ғана емес, ЕО-ға кіру басым міндетке айналды. Ол қосылу мәселесінде бірде-бір кандидаттың артықшылығы жоқ екенін атап өтті. Сонымен қатар комиссар Украинаның қазіргі жағдайын ескеруге шақырды. «Сондықтан да біз оған көмектесуге міндеттіміз», — деп қосты Кос.

ЕО комиссары сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейін Украинаның Еуропалық одаққа кіруі туралы келіссөздердің барынша көп кластері ашылады деп үміттенетінін жеткізді.

Еске салайық, жыл басында Украина президенті Владимир Зеленский ел Еуропалық одаққа кіруді жоспарлап отырғанын және мұны 2027 жылы-ақ жасауға ниетті екенін мәлімдеген. Ол сондай-ақ бейбіт келісімде одаққа кірудің нақты күнін жазып қоюды талап еткен.

Маусымда Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен ЕО-ның барлық елі Украинаның Еуропалық одаққа қосылуы туралы келіссөздерді бастауды мақұлдағанын мәлімдеген.