Астанада 24 тамызда атап өтілген Украинаның Тәуелсіздік күнінде жас украиналық домбырада күй тартып, әлеуметтік желілерде үлкен қызығушылық тудырды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Баланың өнерін оның анасы әлеуметтік желіге жариялаған. Оның айтуынша, отбасы Қазақстанға келгенде ұлы домбыраға қызығып, осы аспапта ойнауды үйренгісі келген.
«Ғажайып аспап — небәрі екі ішек, ал әуені қандай әдемі», — деп бөлісті әйел.
Пайдаланушылар пікірлерінде баланың ойынын жоғары бағалап, қазақ мәдениетіне деген құрметі үшін алғыс білдірді. Пікірлердің арасында: «Сіздің ұлыңыз менен гөрі қазақ», «Музыка ұлт таңдамайтын сияқты. Есту қабілеті дамыған адам кез келген аспапта ойнауды үйрене алады. Сіздің балаңызда табиғи талант бар», «Тамаша! Украиндардың домбыраға ерекше ықыласы бар. Менің әкем дирижер болған, фортепиано мен гитарада ойнаған. Бірақ домбыра оның сүйікті аспабы еді» деген пікірлер бар.
Бала композитор Әбдімомын Желдібаевтің «Ерке сылқым» күйін орындады. Бұл шығарма қазақ қыздарының сұлулығы мен автордың жауапсыз махаббатына арналған.
Бұған дейін Қазақстанда жарты миллионға жуық бала бір уақытта домбырада күй тартқан акция өткені хабарланған болатын.


