Әзілкеш әрі асаба ретінде танылған Елдос Кәдірханов, жұртқа «Колобок» деген лақап атымен белгілі блогер, жанкүйерлеріне ерекше жаңалықпен бөлісті. Ол гендер-пати ұйымдастырып, көптен күткен сәбиінің ұл болатынын жария етті.
Жарымен отау құрғанына он жылдан асса да, бала сүю бақыты бұйырмай келген блогер бұл қуанышын жұртпен шынайы сезіммен бөлісті.
— Сүйінші, қазақ елі! Аллаға шүкір, жеттік осы күнге. Балапан, біз сені күтеміз, — деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Желі қолданушылары мен әріптестері Елдосқа жылы лебіздерін жаудырып, қуанышын бөлісуде.


