Ә. Жангелдин атындағы орта мектептің
тарих пәнінің мұғалімі
Тулеубаева Жайна Абдижамилевна
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы.
Мақсаттары: Оқушыларға Ұлы Жібек жолы тарихымен таныстыру
Ұлы Жібек жолының маңызын, халықтар бірлігі мен мәдениеттің өзара алмасуына әсерін сезіндіру арқылы дүниетанымын кеңейту
Оқыту нәтижесі: Мазмұндық білім қалыптастыру
Түйінді идеялар: Ұлы Жібек жолының әлемдік өркениетке қосқан үлесі зор
Әдіс - тәсілдер Диолог, АКТ, СТО
Сәлемдесу
Оқушыға жүрек ұсына отырып, бүгінгі күнге сәттілік тілеймін және жалғастырып бір - біріне сәттілік тілеу керектігін айтам.
Үй тапсырмасын тексеру:
Оқу шыларды транспорт түрлері арқылы топқа бөлу
1топ: ұшақ
2топ: поезд
3 топ: Автокөлік түрлерімен бөлінгеннен кейін оқушыларға бүгінгі сабақта саяхат сабағы екені хабарланады. Және оқушыларға сұрақтар беріледі:
- Оқушылар сендер қандай транспорт түрімен саяхатқа шығар едіңдер?
- Олай болса аталған транспорт түрінің барлығымен де саяхатқа шықсақ қалай қарайсыңдар?
Балалар бізге тегін саяхатқа шығу мүмкіндігі туып тур, Біз «Жұлдыз» туристік фирмасының жолдамасын ұтып алу үшін біз берілген тапсырманы орындауымыз қажет. Алдымен берілген сұрақтарға жауап беріп, оны дүние жүзі картасының үстіне ретімен орналастырамыз. Дұрыс әрі толық орындалса саяхатқа шығатын аумағымыздың атын біле аламыз.
1. Қыпшақтардың орналасқан жерін ата?
2. Қыпшақтардың этникалық құрамы неше бөліктен тұрады?
3. Әскери басқару жүйесі нешеге бөлінді және ол қалай аталды?
4. Оң қанаттың ордасын ата?
5. Сол қанаттың ордасын ата?
6. Қыпшақ тілінде құлды қалай атады?
7. Қыпшақтар Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларға шығу үшін кімдермен соғысты?
8. Қыпшақтар Орта Азияда қандай елмен саяси қатынас жасады?
9. Қыпшақтар қандай шаруашылықпен айналысты?
10. Қыпшақтар қандай жерлерді өздеріне қаратты?
11. Орыс деректерінде қыпшақтарды қалай атаған?
12. Қыпшақтардың арба үстіне тігілген үйлерін 10 немесе 22 өгіз тартатындығын өз көздерімен көргенін жазған саяхатшыларды ата?
13. Хандық биліктің орталығын қалай атады?
14. Қыпшақтардың ең беделді тайпасы қалай аталды?
15. Қыпшақ хандығы қай кезеңдерде өмір сүрді?
16. Қыпшақтар өз жылқыларын қандай елдерге тасымалдады?
Мінеки балалар біз тапсырманы толық орындап шықтық ендеше біз «Ұлы Жібек жолына» саяхатқа шығамыз.
- Балалар «Жібек жолын» білеміз бе?
-«Жібек жолы» деп аталуының себебі неде?
-«Жібек жолы» қандай елдердің үстімен өтеді?
Бізге маршрут картасы беріліп отыр бұл маршрут картасындағы алғашқы аялдамамыз Ол Қытайдың Хуанхэ өзенінің аңғарымынан басталады
І аялдама
Жаңа сабақ Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
І топ - Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы
ІІ топ - Ұлы Жібек жолының тарихы
ІІІ топ - Ұлы Жібек жолы өтетін қалалардың орналасуы
2 аялдама Топқа бөлу
Географтар – картамен жұмыс
Тарихшылар - жібек жолының халықаралық қарым қатынасы венн диаграммасы
Саудагерлер – жібек жолынан өтетін тауарлардың біреуіне жарнама жасау
3 - аялдама
Ұлы Жібек жолының тоқтап қалу себебі неде?
- Қазір өз елімізде Ұлы Жібек Жолының іздері бар ма болса қаншалықты?
- Қазақстан қазіргі таңда сауда-саттықпен қай елдермен дипломатиялық қарым қатынаста?
Үй тапсырмасы:
1Тақырыпты оқу
2. Ұлы Жібек жолымен тараған діндерді талдау. Жібек жолы бойындағы қалаларға сатылау кешенін жасау;
Бағалау: Транспорт түрлері арқылы өз өздерін бағалау
Толық нұсқасын жүктеу
Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ә. Жангелдин атындағы орта мектептің
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз681 қаралым
#ұлы жібек жолы#тарихтан сабақ жоспары
Ұсынылады
Қазақтардың ата-бабалары Әмір Темір әскерінен табылды
Тарихшы Леонид Бобров Әмір Темір әскерінде қазақтардың, өзбектердің және тәжіктердің ата-бабалары қызмет еткенін айтты. Толығырақ материалда.
Алаш Ордабай·2 сағ бұрын
Атом бомбасы: АҚШ-тың әлемді өзгерткен өнертабысының зардабы
АҚШ-тың 1945 жылы Хиросима мен Нагасакиге тастаған атом бомбаларының зардабы, куәгерлердің еске алуы және ядролық қарудың қазіргі қауіптері туралы.
Мұқаш Жадайхан·20 сағ бұрын
Қазақстан Ұлы Жібек жолының басты бағытын қалай жоғалтты
Тарихшы Жақсылық Сәбитов Тоқтамыс пен Әмір Темір қақтығысынан кейін Қазақстанның Ұлы Жібек жолының басты бағытынан қалай айырылғанын айтып берді.
Алаш Ордабай·2026 ж. 5 тамыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

