Ұлытау облысында кадрлық өзгеріс болды: Дастан Рыспеков әкім лауазымынан босатылып, оның орнына 2022 жылдан бері Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Есет Байкен тағайындалды. Жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды infohub.kz.
Аймақ басшысы болып тағайындалғанға дейін Дастан Рыспеков Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетін басқарған. Бұған дейін экс-энергетика министрі Атырау облысының әкімі болды.


