АҚШ пен Иран соққылармен алмасты: американ әскерлері Ираншахрдағы әуежайға соққы берді, ал Тегеран Бахрейндегі жау базасына шабуыл жасады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
РБК дерегінше, АҚШ жойғыш ұшақтары Ирандағы бірнеше нысанға, оның ішінде Ираншахр қаласындағы әуежайға зымыран соққысын жасады. Әуежай маңында үш жарылыс болғаны хабарланды.
Американ күштері Бандар-Аббастағы станцияға да соққы берді. Ал Хамир округінде үш көпірге шабуыл жасалды, оның ішінде Бандар-Аббасты Фарс провинциясындағы Лармен байланыстыратын көпір де бар. Шабуыл кезінде екі адам қаза тауып, тағы төртеуі жараланғаны хабарланды. РИА Новости мәліметінше, АҚШ-тың Иранның оңтүстігіндегі көпірлерге жасаған шабуылынан қаза тапқандар саны үшке жетті.
Сондай-ақ басылым Иранның Бахрейндегі американ базасына соққы бергенін жазады. «Ислам республикасының әскері Бахрейндегі Сахир базасындағы американ армиясының тікұшақтары мен Р-8 ұшақтары орналасқан жерге Arash ұшқышсыз ұшақтарымен соққы берді», – деп мәлімдеді мемлекеттік телерадиокомпания. Одан бөлек, әуе дабылы кезінде Катарда да жарылыстар естілді.
Еске сала кетейік, АҚШ пен Иран арасындағы соққылар алмасу Анкарадағы НАТО саммиті қарсаңында басталды. Кейін Ақ үй басшысы атысты тоқтату режимі аяқталғанын, бірақ Вашингтон келіссөз жүргізуге келісетінін айтты. Жақында Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади де АҚШ-пен бейбіт келісімнің күшін жойғанын мәлімдеді.


