Сабақтың тақырыбы: Ұшақтар
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың танымдылық деңгейлерін кенейту, ұшақ, әуежай туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: ауызекі сөйлеу әрекеттерін дамыту, құрмалас сөйлем құрастыру, талдай білуге жаттықтыру.
Тәрбиелік: мәдениетті сөйлей білуге, Отанымыздың дамуына өз үлесін қосу, болашақта қандай маман иесі болатындығын түсіне білуге баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Кезекшімен сұхбат
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.
Жаңа сабақ.
«Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайды.»
Б. М. Теплов
1 - тапсырма. Б. М. Тепловтың сөйлеу мәдениеті туралы ойын қалай түсінесің? Адам өзінің сөйлеу мәдениетін анықтама бюросында көрсете ала ма?
2 - тапсырма. Диалогты оқып, түсінуге тырысыңдар.
- Кешіріңіз, Алматыға дейін ұшақ неше сағат ұшады?
- Ұшақ Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады.
- Ұшақ жолда қонады ма?
- Ұшақ жолда қонбайды.
- Ұшаққа бір билет бар ма?
- Сізге қай күнге керек?
- Маған ақпанның он бесіне, кешкі уақытқа керек.
- Ақпанның он бесінде Қарағандыдан Алматыға 9Ү 723 рейсі ұшады. Осы ұшаққа билет бар. Аласыз ба?
- Алматының ауа райы туралы қайдан білуге болады?
- Ұшақ қонуға бет алғанда стюардесса хабарлайды.
- Ұшаққа өзіммен бірге неше кг жүк ала аламын?
- Өзіңізбен бірге 10 кг жүк ала аласыз. Қалған жүгіңізді Алматының жол жүгі бөлімінен аласыз.
- Менің бірінші рет ұшаққа отыруым еді. Егер ұшақта жүрегім айныса, гигиеналық пакет керек болса, не істеуіме болады?
- Егер ұшақта жүрегіңіз айныса, стюардессаны шақыруға болады. Ол сізге минералды су мен гигиеналық пакет береді.
- Ұшақтың билеті неше теңге тұрады?
- Ұшақтың билеті 15000 теңге тұрады.
- Ұшаққа отырғызу сағат нешеде басталады?
- Ұшаққа отырғызу сағат бесте басталады.
- Билетті қай кассадан ала аламын?
- Билетті екінші кассадан ала аласыз.
- Берген мәліметіңізге көп рақмет.
3 - тапсырма. Кестеге қарап, рейстер туралы әңгімелеңдер.
Солтүстік Қазақстан облысы,
Жамбыл ауданы, Архангелка орта мектебі
Кузинбаева Тендык Исымовна
Толық нұсқасын жүктеу
Ұшақ. Диалог
Сабақтың тақырыбы: Ұшақтар
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз1095 қаралым
#әуежай#диалог#ашық сабақ қазақ тілі#ұшақпен жүру#ағам ұшақпен ұшып кетті сабақ жоспары
Ұсынылады
Жасанды интеллект және қазақ тілі: Талғарда маңызды жиын өтті
Талғар ауданында жасанды интеллект дәуірінде ана тіліміздің тағдыры мен рухани құндылықтар мәселесі талқыланды. Жиында қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары қаралды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 19 наурыз
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу
Қазақ әдебиеті 9 - сынып
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

