Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ұшқыш - Футболшы

Екінші дүниежүзілік соғыста Айвор Бродис (Ivor Broadis) ұшқыш болатын. Соғыстан кейін ол “Карлисл Юнайтед” командасында ойнай бастады. Біраз уақыттан кейін оған “ойнап жүріп жаттықтыратын” жаттықтырушы болу ұсынысы түсті. Ол кезде Айвор Бродистің жасы небәрі 23-те болатын. 
“Карлисл” командасының құрамында 91 матч ойнап 52 гол соққан Айвор Бродис “Сандерленд” командасын қызықтырды. Ұзақ ойланбай Айвор өзін Сандерленд командасына 18 000 фунтқа сатты, ол уақытта бұл қомақты ақша болатын. 
Жалпы алғанда Айвор Бродистың футболшылық мансабы жаман болмады. Ол тіпті Англия ұлттық құрамасына шақырту алды. Сонымен қатар “Манчестер Сити” және “Ньюкасл” командаларында да ойнап үлгерді. 
Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін Айвор Бродис жаттықтырушы болмай, тілшілік саласына кетті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама