Ұстаздарға арналған психологиялық ойындар
Ойын алты турдан тұрады
І тур
Сәлемдесу
Мысалы: Менің атым Айнаш. Мен – психологпын. Бүгін менің көңіл - күйім өте тамаша!
ІІ тур Сергіту сәті
«Қасиеттер жиыны» ойыны
Мысалы: Жүргізуші «Ә» әріпін айтады, ойыншы бойындағы «ә» әрпінен басталатын қасиетті айтады
Ойыншы «Әдемі»
ІІІ тур
Сандар жазылған қиықшалардың артында жасырын әріптер бар, сол әріптерді құрастырып белгілі сөйлемді шапшаң орындау керек.
Орындалу уақыты 15 - 20 минут
Ой толғау
Назар аударайық!
І топ.
Не үшін өмір сүру керектігін білген адам, кез келген қалайға төтеп бере алады.
ІІ топ
Бақыт – ол уайым - қайғысыз өмір емес, бақыт ол – жанның күйі.
ІІІ топ
Бақыт көбелек сияқты. Оны ұстауға тырысқан сайын қолдан сырғи береді.
ІV тур
Ұстаз тұлғасы тренинг
Қорапшада қиықшаларда белгілі бір ұстаз сипаттамасы жазылған. Әр топтан бір қатысушы шығып бір қиықшаны алып топпен бірлесіп ым - ишара арқылы білдіруге тиіс. Ал қалған топ ойыншылары ол қандай қасиетті көрсетіп тұрғанын табу керек.
Уақыт 10 минут
V тур
Жасырын хат, ойлан тап
Ерте - ерте - ертеде… әлі адамдар әріп танымаған уақытта да, олар бір біріне хат жазған екен. Қалайша?
Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізесіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі. Берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салады.
І топқа
Бүгін маған сағат алтыда телефон соқшы.
ІІ топқа
Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық.
ІІІ топқа
Жексенбі күні сағат үште менің туған күніме кел.
VІ тур
Кім жылдам
1. Әлемде жоқ жануардың суреті.
2. Мені ешкім түсінбейді.
3. Тіске тіс тигенде қандай дыбыс шығарасың?
Уақыт 5 минут
Рефлексия
Шырақ жағылып бірінші тұрған ұстазға беріледі.
Ол бүгінгі психологиялық сабақ туралы өз ойын, алған әсерін үш сөзбен ғана білдіріп, келесі мұғалімге береді. Шырақ барлығының қолынан өткеннен кейін, психолог шырақты өз қолына
алып, барлық қатысушыларға алғысын айтады.
Ойынға қатысқандарыңызға рахмет!
Ұстаздарға арналған психологиялық ойындар слайд жүктеу
Ұстаздарға арналған психологиялық ойындар
Ұстаздарға арналған психологиялық ойындар
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз859 қаралым
#психологиялық тренинг#психологиялық ойындар#ұстаздарға арналған психологиялық ойындар
Ұсынылады
"Педагогтерді қорғаймыз": Депутат Асхат Аймағамбетов ұстаздарға қуанышты жаңалық айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педагогтердің жауапкершілігін шектейтін заң жобасы туралы айтты. Енді мұғалімдер балалардың өмірі мен денсаулығына тек оқу-тәрбие процесі кезінде ғана жауапты болады.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 29 сәуір
Оқу-ағарту министрі мұғалімдерді қуантатын жаңалықпен бөлісті: Білім беру жүйесіне қандай өзгерістер енгізіледі?
Қазақстанда бастауыш сыныптарға, 5-11 сыныптарға арналған жаңа пәндер енгізіліп, оқу бағдарламалары қайта қаралады. Министр Жұлдыз Сүлейменова бұл өзгерістердің білім сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 21 сәуір
Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтаулар
Құрметті достар! Сіздерді Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

