Қазақстандық үстел теннисшілерінің жаңа буыны Алматыда 2026 жылы өтетін WTT Youth Contender (Үстел теннисінің әлемдік федерациясының жасөспірімдер турнирлер сериясы) беделді халықаралық жастар турнирін жаулауға дайындалуда. Құрамға ірі әлемдік жарыстарда жеңіске жетіп, жүлделі орындар алған, тәжірибесі мол талантты ойыншылар енді, деп хабарлайды infohub.kz.

Ерлер құрамасы

Құрманғалиев Алан — халықаралық дәрежедегі спорт шебері, аралас жұптағы жастар арасындағы әлем чемпионы, жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 2019 жылы Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) оны «Hopes Week & Challenge» әлемдік турнирінің үздік ойыншысы деп таныды.

Жұмағұл Абай — WTT сериясындағы халықаралық турнирлердің жеңімпазы: Панагюриштегі WTT Youth Contender, Алматыдағы WTT Youth Contender және Батумидегі WTT Youth Contender.

Маркин Алексей — Ташкенттегі WTT Youth Contender халықаралық турнирінің қола жүлдегері.

Ералхан Дулат — Алматыдағы WTT Youth Contender халықаралық турнирінің күміс және қола жүлдегері.

Яковлев Олег — Берлиндегі, Батумидегі және Алматыдағы WTT Youth Contender турнирлерінің бірнеше дүркін қола жүлдегері.

Азаматұлы Нұрдаулет — Бейруттағы WTT Youth Contender халықаралық жастар турнирінің жүлдегері.

Әйелдер құрамасы

Фу Дарья — спорт шебері, Қазақстан Республикасының үздік спортшылары арасындағы ТОП-12 жастар турнирінің чемпионы.

Лукьянова Мария — спорт шебері, Джеззиндегі және Батумидегі WTT Youth Contender турнирлерінің жеңімпазы.

Бекмұхамбетова Жания — Болгария, Испания, Словения, Словакия, Хорватия, Италия, Мажарстан, Грузия және Мысырдағы WTT халықаралық жастар турнирлерінің жеңімпазы.

Әлжанова Әделия — Ташкенттегі WTT Youth Contender халықаралық турнирінің чемпионы.

Қазақстан Республикасының Үстел теннисі федерациясын Данияр Әбілғазин басқарады.