Ұя салды көктемде,
Қос қарлығаш ұшып кеп.
Біткенше ұя тынбады,
Ары-бері ұшып көп.

Бірі батпақ әкеліп,
Қабырғасын лайлады.
Екіншісі «шименен»
Керегесін байлады.

Көп еңбекпен ақыры,
Бітірді олар ұясын.
«Кіп-кішкене бұл үйге,
Екеуің қалай сиясың?

Шыныменен таңданып,
Ойланып көп жүргенде.
Қуанып кеттім бір күні,
Төрт жұмыртқа көргенде.

Балапаным үшін деп,
Жасапты ғой ұяны.
Балапандар әрине,
Ұяға еркін сияды.