Үйдің көркін бұзатын тұрмыстағы 10 қателік
Пәтеріңді қанша сылап-сипасаң да, журнал беттеріндегі интерьерлерге ұқсай бермейді. Барлық ережелерді ұстанғандай боласың, түстерді де үйлестіресің, белгілі бір стильге келтіресің, бірақ бәрібір бірдеңе дұрыс емес.
Bilim-all.kz таңдаулы деген интерьердің өзін құртып тұратын тұрғын үй бөлмелерін реттеудегі кең таралған қателіктерді жинақтады.
Тоңазытқышқа жабыстырылатын магниттер
Тоңазытқышқа жабыстырылатын магниттер, сырт көзге әңкі-тәңкі көрінеді. Коллекционерлер үшін бір амал бар: магнит тақта немесе магнит бояудың көмегімен естелік заттарды сақтайтын бір орын тағайындау.
Кәдесыйлар
Кәдесыйлар да үйдің жинақылығын қашырады. Магниттермен салыстырғанда оларды жабыстыратын жер де жоқ. Топтамаңызды қайта құрылымдау жағдайды құтқарады: сөрелерде әр елден келген шәугімдер немесе қобдишалар ғана тұрсын. Немесе суреттегідей архитектуралық құрылыстар.
Ыдыс жууға арналған құралдар
Көрінетін жерде тұратын ыдыс жуу құралдары болмаса, ас үйіңіз арманыңыздағы ас үй бөлмесіне айналар еді – дейді дизайнерлер. Бірақ амал қанша, үй шаруасындағы әр әйел ас бөлмеде ыдыс жуу гельдері мен ұнтақтарын пайдаланады. Бұдан шығудың амалы ас үй интерьерінің түсі мен фактурасына қарай таңдалған көпреттік дозаторлар болмақ. Ыдыс жуатын гельдерді осы дозаторларға құйып қойыңыз.
Киім үтіктейтін тақтайға киімдерді жинау
Кейбір адамдар киім үтіктейтін тақтайдың үстіне киім жинайды. Дизайнерлер киімдерді ерінбей жинап, өз орнына қойып жүруді ұсынады. Ал бұл құрылғыны жинастыру үшін бүгінге дейін неше түрлі әдістер қарастырылған.
Ауыз үй бөлмесіндегі көптеген аяқ киім
Өкінішке қарай, ауа райы жағдайына байланысты маусым сайын аяқ киім ауыстыруға тура келеді. Бірақ эксперттер барлық етіктер, ботильондар, кроссовкалар және т.б. аяқ киімдерді жинақы етіп сақтауға кеңес береді. Ол үшін пуфик астына жасырылған сөре, немесе киім ілгішті де пайдалансаңыз болады. Нәтижесінде орын босайды, ал үй ішіңіз құлпырып шыға келеді.
Жуынатын бөлмедегі түрлі-түсті орамалдар
Жуынатын бөлмеміз жөндеу жұмыстарынан кейін қалай көрінетінін елестеткенде түрлі-түсті дәу орамалдарды есепке алмаймыз. Интерьерге сай емес таңдалған орамалдар талғаммен құрастырылған жуынатын бөлме көрінісін құртуы мүмкін. Әлбетте, барлығын тастай салудың қажеті жоқ, дегенмен ваннадағы барлық мата бұйымдарын түсі бойынша жарасатын орамалдарға біртіндеп ауыстыруға болады.
Спорттық құрал-жабдықтар
Егер сіз веложаттығуда жаттықпағаныңызға бір жылдай болса, онда оның пәтерде тұруының еш қажеті жоқ. Алайда егер күнделікті жаттығатын болсаңыз, онда гантельдердерге арналған арнайы орын ойластыру қажет немесе қылтимада мини-спортзал жасап қоюды ұсынамыз.
Төсек орын жабдықтары
Егер жатын бөлмеде картиналар ілініп тұрса және антиквар сағаттар тұратын болса, онда жолбарыс өрнекті төсек жабдықтары орынсыз. Бұдан шығудың екі амалы бар: ванна орамалдары сияқты біртіндеп ауыстыру, немесе бәрін жауып тұратын үлкен жапқыш алу, және үстіне сәндік жастықтар орналастыру.
Ас үйдегі ұсақ-түйек заттар
Таңғаларлық жағдай, бірақ дәмдеуіштер мен майларды ыңғайлы жерге қойып, ас үйді көптеген қорап, пакет пен банкалардың былығынан сақтауға болады екен. Ас үйдегі ұсақ-түйекті сақтауды ұйымдастыру оны тартымды етіп, ал тағам дайындау процесі – нағыз ләззатқа айналады.
Балалар ойыншықтары
Үйде бала болғанда үйді реттеп ұстап отыру қиын екені рас. Дегенмен балалар бірыңғай ансамбльді бұзатын емес, керісінше фактор бола алады. Мысалы, балалар бөлмесіндегі түрлі-түсті контейнерлер балаларды жинақылыққа үйретеді және бөлменің сәнін кіргізеді.