Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Үйдің шашылмауын қамтамасыз ететін 7 әдет

Үйді әртүрлі қажетсіз қоқыстан тазарту оңай емес. Ал оны ретке келтіру одан да қиын. Үйдің шашылмауын қамтамасыз ететін мына әдеттерді ұстануға тырысыңыз.

Үйді ретке келтірудің ең жақсы амалы – жүйесіз тұтынуды доғару. Үйіңізде зат аз болған сайын, оны реттеу де, жинау да оңай. Сондықтан керексізін лақтырып, немесе сыйлап жіберіңіз.

Қағаз поштаны бірден реттеңіз

Қағаз поштаның жұмыс үстелінде немесе кіреберістегі тумбочкада жинала беретін қасиеті бар. Сіз хатты оқып, сол жерге жинай бересіз, нәтижесінде бір төбе макулатура жиналады.

Қағаз хаттарды бірден ашып, арнайы бір орынға салуды әдетке айналдырыңыз – қоқыс жәшігіне немесе жұмыс үстеліндегі папкаға. Сонымен қатар чектер мен кепіл талондарын бір жерге жинаңыз, және ара арасында мерзімі өткендерін тастап отырыңыз.

Тамақ ішіп болған соң ыдыстарды бірден жуыңыз

Ыдыс жууды жек көрсеңіз де дәл осылай істеңіз. Бетіне тамақ қатып қалған бір қора ыдысты жуып тұрғанша бір-екі ыдысты жуа салу оңай. Бар-жоғы екі минут уақытыңыз кетеді, ал ас үйіңіз таза тұратын болады.

Әр таңда төсегіңізді жинап жүріңіз

Былық – былықты тудырады. Дәл осы принципті жатын бөлме жақсы көрсетеді. Төсегіңіз жиналмаған күйде қалса, айналасында былық туа бастайды. Сондықтан әр таңда төсегіңізді жинап кетіп жүріңіз.

Ас үстелдің бетіндегі заттардың бәрін алып тастаңыз

Былық тудырғыш тағы бір орын – ол дастархан. Ас үй үстелі әрдайым таза болуын қадағалаңыз: тап-таза үстелдің үстіне артық зат қойғың да келмей қалады. Түстену де жағымды болады.

Заттарды орын-орнына қойыңыз

Әр заттың өз орны бар. Күнде кешкісін әр затты өз орнына жинаңыз. Бала кезімізде мұны миымызға құйдырғанымен, осыны әдетке айналдырмадық. Бұл көп уақытыңызды алмайды, есесіне таңертең таза бөлмеде оянасыз және заттарды іздеп әлек болмайсыз.

Бір-екі минут уақытыңызды алатын істерді дереу істеп тасаңыз

Былық көбіне болмашы істерді кейінге қалдырудан басталады. Қарапайым ережені есте сақтаңыз: егер бірдеңені екі минутта орындап тастауға болатын болса, дереу істеп тасаңыз.

Қоқысты шығарыңыз, кір киімдерді кір жуғыш машинаға салыңыз, теледидар пультын орнына қойыңыз, шаң басқан мониторды сүртіңіз. Кішігірім тапсырмаларды орындаған сайын үйді реттеуге бір қадам жасап отырасыз.

Кеңістікті босатыңыз

Кішігірім бөлмеде тым көп зат болған кезде, үйдің астан-кестеңі шығады: шкафта көп киімнің болуы, жәшікте төсек-орын заттарының көп мөлшері, жуынатын бөлмеде тым көп зат, сөредегі кітаптар, гаджеттер мен басқа да заттар.

Үйіңіздің бір бұрышы заттарға толып кетсе, кеңістікті босатыңыз – бәрін реттеп, керек емесін тасыңыз. Және мұны кейiнге қалдырмаңыз, бұл 15 минуттай уақыт алады, және былықтың бір қайнаркөзі жойылады.

Осы аталған әдеттердің әрқайсысы - сізге үйді реттеуге көмектеседі. Және, әрине, зат аз болған сайын осы ережелерді ұстану да оңай болады.

Үйді тазалықта ұстағыңыз келсе – артық зат алмаңыз. Ал сіз тазалық және жинақылықты сақтау үшін не істейсіз? Қандай кеңестеріңіз бар? Төменде пікірлеріңізбен бөлісіңіздер!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама