- 09 қаз. 2015 00:00
- 271
Үйге арналған пайдалы кеңестер
Тоңазытқыштағы ылғалды кетіру үшін ішіне тұз салынған ыдыс қою керек.
Болаттан жасалған қазанды жуғаннан кейін дереу құрғату керек.
Жарылған қолдар жатардан бұрын 10 минут жылы суға салынады. Сосын крем жағып, қолғап киіп жатады.
Ақ киімдер, ақ төсеніштер қайнататын суға бірнеше жұмыртқаның қабығын салса қардай аппақ болады.
Ыс дақтарын кетіру үшін дақтың үстіне лимонды сығып, тұз сеуіп, уқалап жуады.
Суреттердің қабырғаға із қалдырмауы үшін екеуінің арасына жұқа мата қойылады.
Миксерді тазалау үшін ыдыс жартысына дейін ұнтақты суға толтырылып, 5-10 секунд іске қосылады. Суын төгіп, тазалап кептіреді.
Пеш темірінің астына алюминді фольга салынса, төгілген нәрселер оңай тазаланады.
Бақыр заттарды тазалау үшін лимон және тұзбен ысқыланады. Күл де бұл заттарды жылтыратады.
Әйнектерді тазалау үшін сіркелі сумен сүртіледі. Дақ қалса судың ішіне біраз аммиак салынады.
Пісірілетін көкөністердің түсін жоғалтпау үшін алдымен мұзды суға салынады.
Үтіктің астын тазалау үшін аздап сірке суына батырылған мақтамен ысқылау керек.
Киім үтіктеуді оңай қылу үшін және үтіктеу уақытын қысқарту үшін, киім үтіктеу тақтайшасының қабының астына алюминьді фольга қойылады.
Кілемдегі күйік іздерін кетіру үшін құрғақтай егеуқұм (наждак) қағазымен ысқылап, артынша жуып алуға болады.
Қабырғаға шеге қағылатын орынға айқастырып скоч жабыстырылатын болса, сылақтың жарылуының алдын алады.