Математика 1 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шамаларды өлшейміз
Сабақ тақырыбы: Ұзындықты қалай өлшейміз?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1. 1. 3. 1 ұзындық өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдау; өлшемдер жүргізу.
1. 1. 3. 2 см өлшем бірлігін қолдану арқылы шамаларды өлшеу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Ұзындық шамаларын ажыратады және өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдайды; ұзындық өлшем бірліктерін біледі, жазады.
Көптеген оқушылар: сызғыштың көмегімен ұзындықты өлшейді.
Кейбір оқушылар: Логикалық тапсырмаларды орындай алады.
Бағалау критерийлері - Ұзындық шамаларын ажыратады.
- ұзындық өлшеу құралдарын дұрыс таңдайды.
- ұзындықты өлшейді және нәтижесін тиісті өлшем бірлігімен жазады.
Сабақтың басы 3 мин
Психологиялық ахуалды тудырып, сабақ мақсатын ашу үшін «Өз орныңды тап» ойынын өткізу (бойының, шашының, көйлегінің, т. б ұзындығына сәйкес сапқа тұру, өз орнын дыбыссыз табу).
Ширату жаттығуы:
Назар аудартуға арналған жаттығу
- Слайдты анықтап қарап алыңдар. Мен екі минуттан кейін суретті жауып тастаймын, ал сендер осы суретті геометриялық фигуралардан құрастыруларың керек.
Сабақтың ортасы
«Ой қозғау». «38 тотықұс мультфильмінің үзіндісін көрсету, сабақтың тақырыбын ашу)
Мультфильмнің көрсетілімі (Балалардың жауабы)
1 - тапсырма
Шарты: Әртүрлі заттарды сызу, салу.
Сызық сыз:
• өз қаламыңның ұзындығына тең;
• қаламыңның ұзындығынан қысқа;
• қаламға қарағанда ұзын.
Шаршы сал:
• өз өшіргішіңнен биік;
• өшіргішіңнен аласа;
• биіктігі тең
Өзара тексеру.
Дескриптор: 1. Сызылады 2. Салады
2 - тапсырма «Жалғыз аяқ жолды өлшеу» (болжау әдісі)
- Көздеріңе елестетіңдер. «38 тотықұс» мультфильмінің кейіпкерлері сияқты тышқан мен бөлтірік жолдың ұзындығын өлшемекші болыпты.
- Оны қалай өлшеуге болады? Кім көрсетеді?
- Кім сызғыштың көмегімен өлшейді? Қалай ойлайсыңдар қай өлшем нақты болды?
Бірінші қалалық жалпы білім бретін лицей
Мұғалімнің аты - жөні: Канапина Г. К.
Ұзындықты қалай өлшейміз? жүктеу
Ұзындықты қалай өлшейміз?
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шамаларды өлшейміз
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз736 қаралым
#ұзындықты өлшеу#ұзындық өлшем бірліктері#шамаларды өлшейміз#өлшеуге арналған әдістер
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

