Алматы облысы Жамбыл ауданында, Ұзынағаш ауылынан шыға берісте жұмыс істеп тұрған тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында өрт шықты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.
Ведомствоның дерегінше, оқиға орнында жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Полигонның кейбір бөліктерінде қалдықтардың жиналу тереңдігі 3–5 метрге жететіндіктен, өртті сөндіру қиындап отыр.
«Оқиға орнында жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Полигонның кейбір бөліктерінде қалдықтардың жиналу тереңдігі 3-5 метрге жетеді, бұл сөндіру жұмыстарын жүргізуді қиындатады. Сумен жабдықтау суды тасымалдау арқылы жүзеге асырылады. Өрттің таралуын болдырмау үшін бульдозерлермен жанбаған қалдықтар өртеніп жатқан учаскелерден бөлініп жатыр. Сонымен қатар өрт ошақтарына су құйылып жатыр», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Тиегіштер мен өзі аударғыш көліктердің көмегімен қалдықтарды жылжыту және оларды инертті материалдармен көму жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Сөндіруге Алматы облысы ТЖД-ның, жергілікті атқарушы органдардың және ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің 33 адамы мен 22 техникасы жұмылдырылды. Өрт 500 шаршы метр аумақта оқшауланды. Толық жою жұмыстары жалғасуда», — деп хабарлады ТЖМ.


