Қазақстан велоспорт чемпионаты 27–31 шілде аралығында Астанада басталады. Жарыстар «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Жастар үшін бұл жарыстар – ұлттық құрамаға іріктеу кезеңі, ал көшбасшылар үшін – 2026 жылғы Азия ойындарына дайындықтың бір бөлігі, деп хабарлайды infohub.kz сайты. Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, республика чемпионаты көрсетілген күндері өтеді.