Венесуэланың уақытша президенті Делси Родригес халыққа үндеуінде АҚШ-пен мұнай келісімі аясында ел алатын табыстар туралы хабарлады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Оның айтуынша, табыс шамамен 209 млрд АҚШ долларын құрауы мүмкін, яғни өндірілген және сатылған әрбір баррельден шамамен 19 доллар. «Нақтырақ айтқанда, бұл өндірілген және сатылған әрбір баррельден шамамен 19 доллар тікелей біздің елге түседі», — деді саясаткер.
Келісім мемлекет пайдасына роялти мен табыс салығын қарастырады. Атап айтқанда, Ориноко мұнай белдеуінде игерілетін сегіз жаңа блок үшін ең төменгі роялти 16%, ал табыс салығы 34% құрайды. Родригестің айтуынша, есептеулер барреліне 65 доллар бағасымен жасалған.
Бұл келісім 25 жылға есептелген және тәулігіне 1,5 млн баррельден астам өндіріске жету үшін 17 стратегиялық кен орнын игеруді көздейді. «Венесуэла оның орнына өндірісті, жұмыс орындарын, инфрақұрылымға инвестицияларды, мемлекет үшін үлкен табыстарды және ұлттық өнеркәсіп үшін өндірістік тізбектерді алады», — деді Родригес.
Саясаткер Венесуэланың энергетикалық державаға, ірі мұнай өндірушіге, маңызды газ экспорттаушыға айналуға және ұлттық мұнай химиясын дамытуға ұмтылатынын қосты. Еске салайық, кеше АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэламен «әлем тарихындағы ең ірі» мұнай келісімінің жасалғанын жариялады.


