Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Венесуэла американдық ресми өкілдермен ОПЕК-тен (Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) шығу мүмкіндігін талқылаған. Бұл туралы NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды. Агенттіктің деректері бойынша, бұл әзірге тек алдын ала ой ретінде қарастырылып, түпкілікті шешім қабылданған жоқ, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Венесуэла 1960 жылы құрылған ОПЕК-тің негізін қалаушы бес елдің бірі екені атап өтіледі. Алайда соңғы жылдары АҚШ санкциялары мен елдегі экономикалық дағдарыстар мұнай өнеркәсібіне нұқсан келтіріп, оның ұйымдағы рөлін әлсіреткен, деп мәлімдейді агенттік.

Мақалада Венесуэланың ОПЕК-тен шығуы АҚШ пен басқа елдердің халықаралық мұнай компанияларына Венесуэланың мұнай секторын қалпына келтіруге белсендірек қатысуға жол ашуы мүмкін екендігі айтылады.

Еске салайық, 3 қаңтарға қараған түні Каракаста жарылыстар болды. Осыдан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп американдық күштер ауқымды соққы жасағанын, ал Венесуэла президенті Николас Мадуро жұбайымен бірге тұтқындалып, елден шығарылғанын мәлімдеді. Кейінірек Трамп Венесуэланы АҚШ-тың 51-ші штаты ету ниетін білдірді. Маусым айында Ақ үй басшысы Мадуроны тұтқындағаннан кейін АҚШ-тың венесуэлалық мұнайды сатудан түскен табысы туралы хабарлады.