Венгриядағы M3 тасжолында поляк автобусының қатысуымен болған жол апаты адам өліміне әкелді. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды infohub.kz.

Оқиға түнде болды. 57 жолаушыны тасымалдаған автобус жол жиегіне ауып кетті. Венгрия премьер-министрі Петер Мадьярдың мәліметінше, 12 адам қаза тауып, кемінде 10 адам ауыр жарақат алды. Үкімет басшысы қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Жүргізуші рульде ұйықтап кеткен болуы мүмкін деген болжам бар. Ол ұсталды. Автобуста 57 жолаушы мен екі жүргізуші болған. Бір адам өміріне қауіпті жарақат алса, тоғыз адам ауыр, тағы 37 адам жеңіл жарақат алды. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.