Венгрия премьер-министрі Петер Мадьяр телефон ұрлығы ісі бойынша айыпталушы ретінде жауапқа тартылды. Бұған дейін үкімет басшысының иммунитетінен айырылғанын хабарлайды infohub.kz сайты.

Венгрия прокуратурасы саясаткерді түнгі клубтағы оқиғаға байланысты жауапқа тартты. Мадьяр өз кінәсін мойындамады.

«Бүгін кешке алдын ала келісілген уақытта 2024 жылғы 21 маусымдағы оқиғаларға байланысты Орталық бас тергеу прокуратурасында мені жауапқа тартты. Мен қысқаша мәлімдеме жасадым және тағылған құқықбұзушылыққа кінәмді мойындамадым», — деді Венгрия премьері әлеуметтік желілерде.

Айта кетейік, Мадьяр бұл — бұрынғы биліктің арандатуы деп мәлімдеді. Телефонның құны шамамен 275 еуроға бағаланады. Венгрия Қылмыстық кодексінің 370-бабы бойынша мұндай қылмыс үшін айыппұл, қоғамдық жұмыс немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салайық, Венгрияда ел премьер-министрі Петер Мадьяр басқа азаматтың телефонына қатысты оқиғадан кейін иммунитетінен айырылған болатын. Бұған дейін премьер өз партиясының депутаттарынан Бас прокуратураның сұранысын қолдауды өзі сұраған еді, сонда ол лақтырылған телефон туралы іс бойынша жауап бере алатын болды.