2026 жылдың соңына дейін Арал теңізіне 1,2 миллиард текше метр су жіберу жоспарлануда. 2025 жылдың қазан айынан бері Сырдария өзені арқылы 1,4 миллиард текше метр су келіп түсті, деп хабарлайды infohub.kz.
Қазіргі уақытта Солтүстік Аралдағы су көлемі 23,5 миллиард текше метрді құрайды. Вегетациялық кезеңде теңізге секундына 40 текше метр су жіберіледі.
2030 жылға қарай су көлемін 34 миллиард текше метрге жеткізу жоспарланған. Бұл үшін Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің бірлескен жобасының екінші кезеңі аясында Көкарал бөгеті қайта жаңғыртылады.
Алайда жергілікті балықшылар суды тек жіберу жеткіліксіз дейді. Су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітовпен кездесуде олар кейбір фермерлердің су алу лимитінен асып кеткенін атап, суды пайдалану бақылауын күшейтуге шақырды.
«Біз ауыл шаруашылығында суды пайдалану лимиттері бекітілгенін білеміз, бірақ кейбір фермерлердің бұл шектеулерді сақтамайтын жағдайлары байқалады. Біз Сырдарияның төменгі ағысында орналасқандықтан, облыстағы балық шаруашылығы үшін шаруалардың суды үнемдеуі маңызды», — деді «Арал» сервистік-дайындық орталығы» ЖШС директоры Әділбек Айымбетов.
Балықшылар сонымен қатар Сырдарияға секундына 100 текше метрге дейін су жіберу үшін шлюз салуды ұсынды.


