Алгебра 8 сынып
Виет теоремасы тақырыбына есептер шығару
Ақпараттық құзыреттілік: Виет теоремасын пайдаланып, келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерін табуға және Виет теоремасына кері теореманы пайдаланып, квадрат теңдеу құруға үйрету, әртүрлі қиындықтағы есептерді шығара білу;
Коммуникативтік құзыреттілік: Алған білімдерін әртүрлі жағдайда қолдана білуге дағдыландыру. Белсенділігін көтеруге, ойлау қабілетін арттыруға, өз ойын жүйелеуге, тез шешім қабылдауға ұқсастықты, қарама - қайшылықты байқауға дағдыландыру;
Проблемалық құзыреттілік: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Ұжым намысын қорғай білетін, шығармашылық қабілеті дамыған тұлға тәрбиелеу, өздігінен жеке шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша жүргізілетін жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, ынтымақтастық, ұжымдық оқыту.
Көрнекілігі:
Квадрат теңдеулердің түбірлерін табу формулалары;
Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірмелер;
«Сөре және мәре» ойынынан керекті анықтамалар, формулалар.
Пәнаралық байланыс: математика, информатика, казак тілі, әдебиет.
Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру;
2. Мақсат қою;
Мағынаны ашу стратегиясы;
Мағынаны ажырату стратегиясы;
Кітаппен жұмыс;
3. Сабақты қорытындылау;
4. Үйге тапсырма;
Бағалау;
Рефлекция.
ҰЙЫМДАСТЫРУ
Сыныпты 4 - 4 - тен топқа бөлемін, топқа кездейсоқ жағдаймен бөлемін. Топ басшылары сайланады. Бағалау парағы таратылып беріледі.
“Қызығушылықты ояту” – кроссворд шешеді
Тапсырма: Егер дұрыс сөздерді тапса, онда француз математигінің фамилиясы шығады.
1. ах 2 +вх+с=0, (a=0) теңдеуі қалай аталады? (квадрат)
2. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласындағы түбір
астындағы өрнек? (дискриминант)
3. Квадрат теңдеудегі а және в. (коэффициент)
4. Квадрат теңдеудің дербес түрі? (толымсыз)
Тарихи дерек (Франсуа Виет) туралы ( оқушылар өз ойларымен бөліседі).
МАҒЫНАНЫ АШУ СТРАТЕГИЯСЫ
(жұбыңды тап)
Формулалар мен анықтамалар қиылып таратылады, басы бір топқа, соңы екінші топқа беріледі. Олар құрастырып оқиды.
Виет теоремасы тақырыбына есептер шығару. жүктеу
Виет теоремасы тақырыбына есептер шығару
Виет теоремасы тақырыбына есептер шығару
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз594 қаралым
#квадрат теңдеу#виет теоремасы#алгебра 8 сынып#квадрат теңдеу құру
Ұсынылады
Қазақстанда Аналар күні аталып өтті: Ананың рөлі мен мемлекеттік қолдау
Қазақстанда Аналар күнін атап өту аясында аналарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен ананың қоғамдағы рөлі туралы статистикалық мәліметтер жарияланды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 10 мамыр
85 жастағы Қарағанды тұрғыны арнайы білімі болмаса да, күрделі математикалық есептерді шешеді
Ермекбай Жолдыбеков есімді қария натурал сандарды қосудың өзіндік әдісін ойлап тауып, ғылыми жарияланымдарда жарық көрген.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 наурыз
Математика – халық ауыз әдебиетінде
Математика – халық ауыз әдебиетінде
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

