- 08 қыр. 2015 00:00
- 284
Витамин қоры
Зерттеушілер витамин таблеткаларын ішудің орнына дұрыс тамақтану керектігін және бұл витаминдерді табиғи жолдармен алу керектігін және жаттығуларға ауырлық қосу жөнінде мәлімдеме жасады.
“The Independent” газетінде А-дан Z-ға дейінгі Витаминдер деген тақырыптағы хабарында қай витаминдермен минералдардың қай табиғи өнімдерде болатынын және денеге қандай пайдалары бар екендігін жазған:
A ВИТАМИНІ: Иммунитетті, сүйектерді, көздерді және теріні күшейтеді. Мандарин, бауыр, балық, сарымай, жасыл шөптерде және цитрусты жемістерде көп мөлшерде болады.
В ВИТАМИНІ: Бұл топтағы суда еритін витаминдер миды және нерв жүйелерін қорғайды. Бауыр, балық, шпинат, бұршақ (горох) және мандаринде көп болады.
С ВИТАМИНІ: Иммунитетті күшейтеді, инфекциялармен күреседі, тамырларды, тіс еттерін қорғайды. Цитрусты жемістерде және кивиде көп болады.
D ВИТАМИНІ: Калцийдің денеге сіңуін қамтамасыз етіп сүйектерді және тістерді қуаттандырады. Нерв жүйесін күшейтеді. Сүт, майлы балық және жұмыртқада болады.
Е ВИТАМИНІ: Ағзаға, тін және клеткаларға зиянды еркін радикалдардан қорғайды. Тоқ ішектің қатерлі ісігіне жол бермейді. Орман жаңғағы, жаңғақ, қара нан және зайтунмайында мол болады.
КАЛЬЦИЙ: Сүйек және тістерді қуаттандырады, жүректің соғуын реттейді, қан қысымын түсіреді. Сүт және сүт өнімдерінде, жасыл жапырақты көкөністерде, соя, фундук, сардина балығы және нанда болады.
МАГНИЙ: Қан қысымын реттейді, сүйек ауруларынан сақтайды. Жасыл жапырақты көкөністерде, авокадо, балық және кептірілген цитрусты жемістерде көп болады.
КАЛИЙ: Қан қысымын төмендетеді, жүрек қағысын реттейді. Өрік, банан, цитрусты жемістерде, балық, жасыл көкөністерде, сүт, орман жаңғағы(фундук) және картопта мол болады.
СЕЛЕН: Антиоксид ерекшелігі арқылы клеткаларды қорғайды. Теңіз өнімдерінде және еттерде мол мөлшерде болады.
ЦИНК: Бұлшық еттерді күшейтеді, клеткалардың көбеюін жылдамдатады. Ет және теңіз өнімдерінде көп болады.