Warner Bros. компаниясы танымал Hogwarts Legacy ойынының жалғасы әзірленіп жатқанын ресми растады. Бұл туралы Warner Bros. Discovery акционерлерге арналған есебінде хабарланды, деп жазады infohub.kz.

Есепке сәйкес, ойынның екінші бөлімі WB Games компаниясының алдағы жылдардағы негізгі жобаларының бірі ретінде қарастырылуда, одан жоғары пайда күтілуде.

Сиквелдің әзірлемесі қазірдің өзінде жүріп жатыр. Жалғасы туралы алғашқы белгілер 2024 жылдың күзінде пайда болды, ал 2026 жылдың екінші тоқсанындағы есепте компания «Hogwarts Legacy-дің екінші бөлімін» тікелей атап өтті. Нақты шығарылым күні әзірге белгісіз, алайда басшылық пен сарапшылардың болжамы бойынша, толыққанды релиз немесе алғашқы ірі көрсетілім 2027-2028 жылдары күтілуде.

Еске салайық, 2023 жылы жарық көрген бірінші бөлім нағыз хитке айналды: ойын бүкіл әлем бойынша 40 миллионнан астам дана таралыммен сатылып, «Гарри Поттер» жанкүйерлерінің де, қарапайым ойыншылардың да сүйікті ойынына айналды.

Бұған дейін Гарри Поттер туралы фильмдердегі Лаванда Браун рөлімен танымал актриса Джесси Кейв соңғы бір жылда OnlyFans (негізінен ересектерге арналған контентімен танымал ақылы жазылым сервисі) арқылы бүкіл актерлік мансабындағыдан көп табыс тапқанын мойындағаны хабарланған болатын. 39 жастағы актриса Гарри Поттер франшизасы аяқталғаннан кейін ірі рөлдердің дерлік болмағанын айтты.