Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық Жәнібек Алимханулы мен британдық Хамза Шираз арасындағы титулдық жекпе-жек бойынша келіссөз мерзімін бір аптаға ұзартқанын хабарлады, деп мәлімдейді infohub.kz сайты.

Тараптарға келісімді аяқтап, оны WBO-ға ұсыну үшін 2026 жылғы 10 қыркүйекке дейін мерзім берілді. Ұйымның мәлімдемесінде Top Rank және Queensberry Promotions компаниялары келіссөздерді жалғастыру үшін мерзімді ұзарту туралы бірлескен өтініш бергені атап өтілген.

Егер тараптар белгіленген мерзімде келісімге қол жеткізіп, оны ұсына алмаса, WBO чемпионаттар комитеті жүлде қоры үшін сауда-саттық өткізуді тағайындайды.

Бұған дейін WBO Ширазды ұйым рейтингінде екінші орында тұрған Алимханулыға қарсы титулын қорғауға міндеттеген еді. Британдық бұл шешімді сынға алып, қазақстандыққа қатысты допинг жағдайын еске салды.

«Шынымды айтсам, мен мұны әзіл деп санаймын. Бұл жай ғана әзіл. WBO-ның істегені бокс үшін де ұят. Олар допинг-сынамасы оң нәтиже берген адамды марапаттап жатыр. Маған бұл ешқандай мағынасы жоқ», – деген болатын боксшы.

Жауап ретінде Алимханулы қазіргі чемпионды жекпе-жекке келісіп, рингте өз артықшылығын дәлелдеуге шақырды. Кейін Алимханулы Хамза Ширазға ирониялық жазба жолдады.